Орталық жұмысымен танысты
Орталық жұмысымен танысты
582
оқылды
Бүгінде Nur Otan партиясының «Ардагерлерді ардақтайық» әлеуметтік қайырымдылық жобасы аясында ашылған Қарағанды облысындағы Достық үйінде ардагерлерге арналған «Белсенді өмір сүру орталығы» үлкен маңызға ие. Мекемеде мәдени-рухани клубтар, тіл үйрету және компьютерлік сыныптар жұмыс істейді. Аталған мекемеде зейнет жасындағы қариялар шахмат ойнап, кітап оқып, домбыра тартып, қолөнермен шұғылданады, тіпті фитнес залында жаттығулар жасай алады.

Орталықтың жұмысымен Мәжіліс де­путаты Арман Қожахметов танысып қайт­ты. Ол өз кезегінде денсаулықты нығайтуға орталықтың көмегі көп екенін жеткізді.

Nur Otan партиясы Қазыбек би аудан­дық филиалы төрағасының бірінші орын­басары Алма Бектұрова мен Қарағанды облысы әкімі аппаратының «Қоғамдык келісім» коммуналдық кәсіпорнының директоры Ерлан Құсайын зейнеткерлердің уақытын тиімді өткізуде таптырмас орын саналатын мекемеде барлық жағдай жасалғанын ерекше айтып өтті.

– Орталықтың басты мақсаты – зейнет жасындағы адамдарды белсенді өмірге тарту және ұрпақтар сабақтастығын қамтамасыз ету. Зейнеткерлердің йогамен, аэробикамен айналысуы үшін фитнес зал, шахмат пен тоғызқұмалақ ойнайтын бөл­мелер, домино, кинотеатрлар, компью­тер­лік сыныптар, қолөнер клубтары жұмыс істейді. Мұнда сондай-ақ, апта сайын тегін заңгерлік, психологиялық, медициналық консультациялар, мотивациялық семи­нарлар мен шеберлік сабақтары ұйымдас­тырылады, – деді Алма Бектұрова.

Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов те кездесу барысында осындай орталық­тар­ды Қазақстанның әрбір қаласында ашу керек екенін тілге тиек етті.

Ұжым басшылығы алдағы уақытта өмір сапасын жақсартып, қаладағы қария­лар­дың қарттық кезеңін белсенді өткізуіне арналған орынға келетіндердің қатары көбейетініне сенімді.

Шара соңында Мәжіліс депутаты Арман Қожахметов қонақтар кітабына пікір қалдырып, орталық жұмысына оң бағасын берді.