Мәселелер шешімін табады
Мәселелер  шешімін табады
366
оқылды

Nur Otan партиясы Маң­ғыстау облыстық фи­лиалы қоғамдық қабыл­дау бөлмесінің ұйымдас­тыруымен мүмкіндігі шектеулі жандардың мәселесі тыңдалды.

Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалы төрағасының бірінші орынбасары Елубай Әбі­лов төрағалық еткен қабылдауға басқа да уәкілетті органдардың өкілдері қатысты. Атап айтқанда, Ақтау қалалық №2 емханасы бас дәрігерінің бірінші орын­баса­ры­ның уақытша міндетін атқарушы Лаура Мұхтарова, Азаматтарға арналған үкімет мемлекеттік емес корпорациясының облыстық филиалының басшысы Әсет Мұқашев, Ақтау қалалық әлеу­мет­тік қамсыздандыру жөнінде бөлім басшысы Самал Нұрбер­генова, облыстық әкімдіктің өкілі Айнұр Абылғазиева, Еңбек, әлеуметтік қорғау және көші-қон комитетінің Маңғыстау облысы бойынша департаменті басшы­сының орын­басары Қазима Ахмет­жанова, об­лыстық ден­саулық сақтау бас­қармасы бас­шысының орын­ба­сары Әнуар Сағымбаев т.б. бар.

Бір күнде 17 адам қабылдауда болды. Олардың басым бөлігі Ақтау қаласы, Мұнайлы және Түпқараған аудандарының тұр­ғындары. Көтерілген сұрақ­тар­дың дені мүгедектік рәсімдеу, квотамен Алматы және Нұр-Сұлтан қа­лаларына барып ем-дом қабылдау, шипажайға жол­дама алу болды. Сондай-ақ отырыста операция жасауға қаражат тапшы екені де айтылды.

Қабылдау барысында үй кезегінде тұрғандар тез арада баспаналы болғысы келетінін айтса, заңсыз жұмыстан қуылып, қайта қызметке тұру үшін уәкі­лет­ті органдардың араласуын сұрағандар, әлеуметтік көмекшіні қажет еткендер де кездесті. Шара соңында қоғамдық қабылдауға қатысқан азаматтардың арыздары толықтай қаралып, мүмкіндігіне қарай шешімін табатыны айтылды.

Арызданушылардың мәсе­лелері бойынша жауапты орган­дарға берілген тапсырмалардың орындалуы жөніндегі ақпарат 20 мамырдан кешіктірілмей Nur Otan партиясы Маңғыстау облыстық филиалының қоғамдық қабылдау бөлмесіне жолданып, арыз иелеріне жауап берілмек.