Тоқаев Кіші Аралдан айырылып қалмауды тапсырды
Тоқаев Кіші Аралдан айырылып қалмауды тапсырды
545
оқылды

Қызылорда облысына жұмыс сапарымен барған мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Кіші Арал мәселесіне алаңдайтынын жеткізді. Бұл туралы Ақорданың твиттердегі ресми парақшасында жазылды.

– Халық Арал тағдырына алаңдайды. Елбасының бастамасы бойынша «Сырдария арнасын реттеу және Арал теңізінің солтүстік бөлігін сақтап қалу» жобасы іске асырылуда. Осы жобаның және Көкарал бөгетінің арқасында Кіші Аралдағы су қалпына келтірілді, – деді Президент.

Ол сондай-ақ, мәселелерідің мұынмен шектелмейтінін жеткізді.

– Көкарал бөгетінің төменгі жағын Сырдария ағыны бұзып жатыр. Дереу қолға алмасақ, Кіші Аралдан айырылып қалуымыз мүмкін. Осы уақытқа дейін жиналған 7 млрд текше метр су зая кетпеуі керек. Үкімет пен әкімдікке шаралар қабылдауды тапсырамын.

Айта кетейік, Арал теңізі 1960 жылдан бастап тартыла бастады. Әсіресе 90 жылдары оның суы күрт төмендеді. Тәуелсіздік алғаннан кейін Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Аралды құтқару жөнінде жоба әзірлеп, теңіздің солтүстік бөлігін сақтап қалды.