Ғылым – табыс көзі
Ғылым – табыс көзі
1,194
оқылды

Ғылым қоры толыққанды инвестор болуға тиіс. Бұл туралы «Ғылым қоры» акционерлік қоғамында болған Сенат төрағасы Дариға Назарбаева мәлім етті. Мұнда ғалымдар өздерінің соңғы ғылыми жаңалықтарын таныстырды.

Олардың ішінде сапалы ұзақ өмір сүруге арналған өнім­дер, медициналық, косме­ти­калық және спорт орталықта­рындағы халықтың өмір сүру сапасын жақсарту жөніндегі гендік тестілеу бойынша қыз­меттер, ісік ауруларын дәрі-дәрмекпен емдеу, жылыжайлар үшін диодты жарық шам­да­рының өндірісі, ірі қара мал­дың өнімділігін арттыруға арналған жем қоспалары мен басқа да өнімдер бар.

Ел экономикасының ба­сым бағыттарына ғылыми жаңалықтарды енгізу деңгейін арттыру үшін «Ғылыми және ғылыми-техникалық қызмет нәтижелерін коммерциялан­дыру туралы» заң қабылданған болатын. Заңның негізгі мақ­саты – жоғары оқу орындары мен ғылыми ұйымдар жасаған жаңа технологияларды ком­мерциялық тұрғыда пайда­ла­нуды ынталандыру. Қор ком­мерцияландыру жобала­рына мемлекеттік қаржы­лан­ды­ру­дың жалпы көлемінің 14,5 па­йызы немесе 5 млрд теңге мөл­­шерінде жеке бизнестен қо­сымша қаржы тартыпты.

Қазіргі кезде коммер­ция­ландыру жобаларын іске асыру нәтижелері бойынша 31 жоба өнім шығару кезеңіне шық­қаны айтылды. Олардан бюджетке 964 млн теңге салық төленіпті. Жұмыс орындары ашылған.

Сенат төрағасы ғалымдар­дың өзекті мәселелері мен ұсыныстарын тыңдай келіп, «Ғылыми және ғылыми-тех­никалық қызмет нәтижелерін коммерцияландыру туралы» заңға сәйкес, осы қор табыс табуға тиістігін әрі табыс таба алатын толыққанды инвестор болуы керегін атап өтті. Бұл жағдайда ол әрбір бизнес-жобаны өзінің меншігі ретінде бағалайтын болады. Қордың табысы ұлғаяды, ғылым мен биз­нес жобаларды көбірек ала­ды. Қаржыландыру көзде­рін біріктірудің нақты мүм­кіндігі де пайда болады.

Сонымен қатар Дариға Назарбаева ғылыми жобалар маркетингін белсенді түрде жүргізіп, ғылыми қызметтердің нәтижелерін ақпарат құрал­дарында кеңінен жариялау, рес­публикалық телеарналарда арнайы айдарлар жүргізу, бұл іске әлеуметтік желілерді пай­далану және басқа да жұмыс­тарды қолға алу қажет деп есептейді.

Заңнамалық актілердегі қайшылықтарға байланысты нормативтік-құқықтық акті­лерге, сондай-ақ қолданыс­тағы салық салу жүйесіне бір­қатар мәселе бойынша өзге­ріс­тер енгізу қажет болып тұрғаны да назарға алынды.