«Үйді ауыл шаруашылығына арналған улы химикатпен дезинфекциялаған» – балалар өлімінің себебі анықталды
«Үйді ауыл шаруашылығына арналған улы химикатпен дезинфекциялаған» – балалар өлімінің себебі анықталды
Фото: Интернеттен алынды
443
оқылды
Шымкентте белгісіз заттан уланып қайтыс болған үш бүлдіршіннің өліміне, ауыл шаруашылығында қолданылатын химикат себеп болған, – деп хабарлайды AstanaTV. Қалалық басқарма өкілі Ержан Пайызбеков: «Күдікті қайтыс болғандардың үйінде зиянды жәндіктерге қарсы улы химикаттармен дезинфекция жасағаны анықталды. Ол ауыл шаруашылығы саласында пайдалануға арналған «Имидаклопридті» қолданған. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, сотпен екі айға дейін қамауда ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды», – деді. Айта кетейік, биыл 13 ақпанда Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінде пәтер жалдап тұрған қос отбасының бес мүшесі кенеттен құсып, ауруханаға түскен болатын. Сол кезде 8 айлық сәбиге дәрігерлер араша бола алмады. Санэпидемиологтар жаппай улануға төменгі қабатта орналасқан пәтердегі бүрге мен тарақанға қарсы дәрілеу жұмыстары себеп болуы мүмкін екенін айтқан болатын. Полицияның дерегінше, күдіктінің былтырғы 3 қараша күнгі улану оқиғасына да қатысы болуы мүмкін. Ол кезде бір отбасы 4 жасар және 10 айлық сәбиінен айырылып қалған еді.