Майлинге арнап марка шығарды
Майлинге арнап марка шығарды
540
оқылды

«Қазпошта» АҚ көрнекті жазушы, қазақ әдебиетін қалып­тастырушылардың бірі, ақын әрі драматург Бейімбет Май­линнің 125 жылдығына ар­нап 5 миллион дана пошта мар­касын шығарды. Авторы – «Қазпошта» АҚ техникалық редакторы Іңкәрімай Оңғарбай. Марканы таныстыру рәсіміне белгілі тұлғалар, БАҚ өкілдері мен жазушының ұрпақтары қатысты.

– Ол заман солай болды, Бейім­бет­тей ұлы жазушыны жайдан жай өл­тіре салды. Сол үшін оған және оның тұстастары Ілияс Жансүгіров, Сәкен Сейфуллин, басқа да онда­ған жазу­шыға тек марка шыға­рып емес, қандай құрмет көрсетсек те жа­расады. Өйткені олар өзінің бас­ты кітабын жазып үлгермеді. Біз бү­гінде өз классиктеріміздің ме­рей­тойын атап өте бастағанымызға ризамын және қуаныштымын. Қазақ әдебиеті қазір өз деңгейінде емес, өйткені кезінде оның тамы­ры­на балта шапты. Сондықтан Бейім­бет Майлиннің туғанына 125 жыл толуына орай шығарылған ме­рейтойлық марканың басып шы­ғарылуы құтты болсын! – деді ақын, Қазақстанның халық жазу­шысы Олжас Сүлейменов.

– Бейімбет Майлин атындағы қор, жазушының ұрпақтары мен оқыр­мандары атынан осы атаулы мар­каны шығарған «Қазпошта» ак­ционерлік қоғамына алғысымыз­ды айтамыз. Майлин халық жа­зушысы болды, оқырмандарға жүз­­деген ұмытылмас және айтулы кейіпкерлерді сомдады. Ол өз хал­қын сүйді, қарапайым адамдардың сан қырлы тағдырын шынайы суреттеді. Шығармаларында адам өмірін қарапайым тілмен, түсінікті етіп көрсете білді. Ол өзінің қысқа өмірінде сыпайы болмысымен, қара­пайымдылығымен есте қалды. Отандастарын шынайы жақсы көріп, сыйлады. Адал еңбек пен бі­лім алуға шақырып, еліміздің жар­қын болашағына сенді. Май­линнің мерейтойы құрметіне пош­та маркасын шығару – оған және оның шығармашылығына деген құр­мет, – деді Б.Майлин атындағы қоғамдық қор құрылтайшысы Сал­танат Мұстафина.

Жазушының мерейтойлық ша­ралары қазірден басталып кетті. Оның туып-өскен жері – қазіргі Қос­танай облысының Таран ау­да­нына Майлин аты берілуі туралы көп­шіліктен ұсыныс түскен. Ел қол­дап отыр. Енді тек қана Үкі­меттің шешімі күтілуде. Сондай-ақ Ал­матыда ескерткіш ашу, жазу­шы­ның өмірбаяны мен ұрпақтары жай­лы кітап шығару, Қостанайда мү­шәйра, айтыс, үлкен той болады деп жоспарланып отыр. Деректі фи­льм жасалуда. Толық шығарма­лар жинағын шығару да қолға алын­ған. Театрларда «Жалбыр», «Май­дан» спектакльдері қойылады. Қос­­танайда «Шұғаның белгісі» по­­весіндегі Шұға бейнесіне ескерт­кіш ашу да жоспарланған. Му­зей­лерде, кітапханаларда кітаптары­ның көрмелері болады. Жазушы­ның шығармалары негізінен баспа бе­тін көрген. Онтөрттомдық, он­том­дық, жетітомдық шығармалар жи­нағы басылып шыққан. Ба­сыл­май назардан тыс қалып қойған «Қы­зыл жалау» романы ҰҚК архи­він­де жатыр екен. Алдағы мақсат – сол романды алып, жарыққа шы­-ғару.