Парламенттік дипломатия – қауіпсіздікке сеп

Парламенттік дипломатия – қауіпсіздікке сеп

Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Бішкекте өткен ҰҚШҰ Парламенттік ассамб­лея­сы Кеңесінің көшпелі оты­ры­сында сөз сөйледі. Қырғыз Республикасының астанасына ұйымға мүше мемлекеттер – Қазақстан, Армения, Беларусь, Қырғыз­стан, Ресей және Тәжікстан парламенттерінің, сондай-ақ ҰҚШҰ ПА-да бақылаушы мәртебесіне ие Ауғанстан мен Сербия елдерінің өкілдері жиналды.

Жиынға қатысушылар ұйым­ның қыз­метіне қатысты мәсе­лелерді, ай­мақ­тық қа­уіпсіздік саласындағы ахуалды талқы­лап, алдағы іс-қимыл жоспарларын түзді.

Нұрлан Нығматулин еліміз­дің бей­біт­шілік пен қауіпсіздікті ілгерілету ісіндегі бастамаларына екпін түсіре келе, бұл саладағы Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың ерекше рөлін атап өтті. Мәжіліс спикерінің пікірінше, қауіп­сіздікті нығайтуға парламенттік дипло­матия үлкен үлес қосуда. Ол парла­ментшілердің тиімді ықпалдастығының басты фак­торы ретінде заңнамалық базаны жетілдіруге назар аудартты.

Нұрлан Зайроллаұлы 23-24 қыр­күйекте Нұр-Сұлтан қала­сында, «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Әріптестік» тақырыбында өтетін Еуропа мен Азия елдері парламенттері спикерлерінің IV кеңесі бүкіл еуразиялық кеңіс­тіктің игі­лігі мен тұрақты дамуы үшін көп қыр­лы ынтымақ­тас­тықтың өзекті мәселелері бойынша өнімді пікір алмасуға септе­серіне сенім білдірді.

– Аталған форум Қазақ­­станның Тұңғыш Президенті Н.Назарбаевтың еуразиялық идеясының 25 жылдығына ар­налған. «Еуразиялық интегра­ция» идеясын Нұрсұлтан Әбішұ­лы алғаш рет 1994 жылы ММУ қабырғасында жа­риялаған бо­латын, – деп еске салды ол.

Отырыста ҰҚШҰ Парла­менттік ассамблеясының Кеңесі осы ұйымның халықаралық ынтымақтастық және сая­си мә­селелер жөніндегі тұрақты ко­мис­сиясы төрағасының және төраға ор­ынбасарының канди­датурасын бекіт
ті.

Қатысушылар 2019 жылы ҰҚШҰ-ға Қырғызстанның төра­ғалығының ба­сым­дықтарын жүзеге асыру туралы ақ­па­ратты тыңдады. Сонымен бірге, Кеңес ЕҚЫҰ ПА-ның биылғы 5-9 шіл­деде Люксем­бургте ұйымдасты­рылатын кезекті жазғы сессия­сына ҰҚШҰ мем­лекеттерінің парламенттік делегация­ларының қатысуы бойынша міндеттерді анықтады. Сондай-ақ 2019 жыл­ға ар­нал­ған жұмыс жоспарлары пысықталды.

Мәжіліс төрағасы ҰҚШҰ-ға кіретін елдердің парламент өкіл­дерімен бірқа­тар екіжақты кез­десулер өткізді. Ар­ме­ния, Бе­ла­русь, Ресейден келген әріп­тес­те­рімен жүздесулерде бейбіт­шілік пен қауіпсіздікті нығайту мақ­сатында ұйым аясында ын­ты­мақтастық және бо­лашақ жос­парлар әңгіме өзегіне айналды.

Нұрлан Нығматулин Арме­ния Ұлттық жиналысының төра­ғасы Арарат Мирзоянмен пар­ламентаралық диа­логты белсенді дамытуға уағдаласты. Ал қазақ-армян қатынастары туралы сөз еткенде, Мәжіліс басшысы осы жылы Армения төрағалық ететін ЕАЭО әлеуетін пайдаланудың маңызын қадап айтты. Армения тарапы елордамызда өтетін маңызды парламенттік форумға қатысатындарын растады.

Беларусь Ұлттық жиналы­сының Өкілдер палатасының төрағасы Влади­мир Андрей­чен­комен жүздесуде тарап­тар өзара түсіністік пен достыққа негіз­делген екіжақты қарым-қаты­настардың қар­қын­ды дамып келе жатқанын тілге тиек етті. Бұл ретте Беларусь Парламенті пала­та­сының төрағасы шағын және орта бизнес, МЖӘ, цифр­ландыру және басқа да салаларды өркендету мәселелері бойын­ша Елбасы бастамаларын жүзеге асы­рудағы еліміздің жетістік­терін атап өтті.

Н.Нығматулин мен Ресей Мем­Дума­сының спикері Вя­чес­лав Володин өзара келіссөздер барысында алдағы парла­мент­тік форумға дайындық ба­рысын тал­қыға салды. Мәжіліс төра­ғасы хабар­лағандай, қазірдің өзінде 48 мемлекет қатысатынын растаған. Оның ішінде, 40-ынан парла­мент басшы­лары келеді. Бұ­ған қоса, 16 халықаралық және парламенттік ұйымдар жетек­ші­лері атсалысады.

Мемлекеттік Дума басшысы Қазақ­стан астанасындағы пар­ламенттік жиынға ынта-ықылас білдіруші елдің көптігіне назар аудартты. В.Володиннің байла­мынша, бұл осындай форматтың бүгінде тиімді екенін және мәсе­лелерді парламент спикерлері деңгейінде тал­қылаудың таны­мал болып отырғанын көрсетеді.