Жаңа АЭА құрылуы мүмкін
Жаңа АЭА құрылуы мүмкін
571
оқылды

Қазақстанда жаңадан төрт арнайы экономика­лық аймақ құру қарасты­ры­луда. Бұл туралы Индус­трия және инфра­­құры­­лымдық даму мин­ис­трі Роман Скляр хабарла­ды. АЭА-лар елге инвес­тиция тарту мен экспортты ілгерілету құралдарының бірі ретінде қарастырылуда.

– Бүгінде Қазақстанның 11 өңірінде 12 арнайы экономи­ка­лық аймақ жұмыс істеп тұр. Олар­дың үшеуі, атап айтқанда, «Қорғас», «Астана-Технополис» және «Түркістан» тек таяуда, 2017–2018 жылдары құрылды. Қазіргі уақытта біздің минис­трлік Петропавл, Қостанай, Ақ­төбе және Байқоңыр қалала­рын­да қосымша 4 жаңа АЭА ашу туралы әкімдіктердің ұсынысын қарастыруда, – деді Р.Скляр.

2002-2019 жылдары АЭА аумақтарында 183 жоба іске қо­сы­лыпты, олардың 46-сына шетелдік инвесторлар қатысуда.

Министрдің дерегінше, 15,5 мың жұмыс орны құрылған. Бюд­жетке салық түрінде шама­мен 150 млрд теңге қайтарылды. Бірақ әзірге өздеріне жұмсалған шығынды өтемеген: барлық АЭА-лар инфрақұрылымының құрылысына 314,3 миллиард теңге бюджет қаражаты салы­ныпты. Рас, бұл ретте 910 млрд теңге инвестиция тартылған. Оның ішінде шетелдік қатысу үлесі – 27%. 2019 жылы шамамен 1200 жаңа жұмыс орнын құратын 160 млрд теңгенің 36 жобасы іске қосылады деген жоспар бар.