Жаңа аурухана науқастарды қабылдай бастады
Жаңа аурухана науқастарды қабылдай бастады
Фото: Интернеттен алынды
197
оқылды
Бүгін Алматыда коронавирустық инфекцияны жұқтырудың расталған 847 жағдайы тіркелді. Кешегі күні тағы 5 жаңадан вирус жұқтыру жағдайы анықталды. Олардың төртеуі карантиндегі вирус жұқтырған науқаспен байланыста болғандар. Оның ішінде 1989 ж.т. екі ер адам және 1971, 1958 ж.т. екі әйел кісі, ал бесіншісі кеше Атырау – Алматы рейсімен ұшып келген 1988 ж.т. әйел. Ұшып келген соң экипаждың барлық мүшелері карантинге орналастырылды. Жұқпалы аурулар стационарларында коронавирустық инфекциядан емдеуде Алматы облысынан пациентті есепке алғанда 744 адам бар. 2 науқастың жай-күйі аса ауыр деп бағалануда, 29 адамда – ауыр, 214 адамда – ауырлықтың орташа дәрежесінде және қалғандарында – қанағаттанарлық. Екі науқас тыныс алу жеткіліксіздігіне байланысты ӨЖЖ аппаратында болады. Провизорлық госпитальдарда 481 адам жатыр, оның ішінде – 11 бала, карантиндік оқшаулауда 415 адам, оның ішінде 5-і бала. Провизорлық және карантиндік стационарларда бос орындар жеткілікті екендігін айта кеткен жөн. Статистика бойынша Алматыда 97 жасар әйелдің қатыс болуы ми қан айналымының жіті бұзылуынан туындаған қайтымсыз органикалық дертінің салдарынан туындаған. Бұл ретте, коронавирустық инфекция, басқа да бірқатар ауыр аурулары қосымша болып табылды. Осыған байланысты, Алматы қаласы Қоғамдық денсаулық басқармасы жанындағы КВИ-ға оң талдауы бар пациенттердегі Қайтыс болумен аяқталған жағдайларды зерделеу жөніндегі комиссия (ҚБЖЗК) бұл жағдайды КВИ себебі бойынша қайтыс болу жағдайына жатқызбау туралы шешім қабылдады. 96 адам сауығып емдеуден шығарылды, оның ішінде 6-ы бала. Кеше И.Жекенова атындағы Қалалық клиникалық жұқпалы аурулар ауруханасының филиалы (бұдан әрі – Жұқпалы аурулар ауруханасы) COVID-19 вирусын жұқтырған пациенттерді қабылдай бастады. Қазір мұнда 43 науқас бар. Жұқпалы аурулар ауруханасы дәрігерлер үшін BI-Industrial құрылыс компаниясы рекордтық мерзімде (18 күн) салған модульдік кешенде орналасқан.