Темекі шегуден бас тартудың тәсілдері қандай?
Темекі шегуден бас тартудың тәсілдері қандай?
478
оқылды

Бүгінгі күні шамамен 2 млн. британдық азамат вейперлер болып табылады

Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау Ұйымы (ДДСҰ) деректері бойынша, бүгінгі күні әлемде шамамен 1,1 млрд адам темекі шегушілер болып есептеледі.

ДДСҰ әлемніңбарлық халқы мен елдердің басшылығын темекі шегумен күресуге белсенді шақырады. Заңнамалық базадағы кешенді шешімдер мен осы мәселені шешуде азаматтардың көмегінің арқасында, көптеген елдер темекі шегуші халықтың санын қысқартуда елеулі жетістіктерге жетті.

Темекі шегумен күресудің жаңа әдістерінің бірі никотинді жеткізудің электрондық жүйелеріне (немесе төмендетілген тәуекел жүйелеріне) көшу болып табылады. Күнделікті өмірде оларды электрондық сигареттер, вейптер және темекіні қыздыру жүйелері деп атайды.

Бүгінгі күні темекі шегудің зияны азырақ альтернативтері тақырыбы өте танымал. Public Health England зерттеулері кәдімгі сигареттермен салыстырғанда олардың 95 пайызға қауіпсіздігін дәлелдеді. Темекі шегумен күресу жөніндегі ДДСҰ халықаралық сарапшысы Дебора Арнотт, темекі шегуді жеңудің кілті – үш бағыттағы кешенді стратегияда деп есептейді: темекі өнімдерінің жарнамасына тыйым салу, сатуды шектеу және салық салу.

Британия – осының үздік мысалдарының бірі. Бұл ретте британдықтардың тәсілі harm reduction (зиянды төмендету) деп аталады. Ол темекі өнімдеріне арналған шектеуді ғана емес, сол сияқты төмендетілген тәуекел өніміне – электрондық сигареттерге көшу ұсынымдары түріндегі алмастырушы терапиясын қамтиды. Мұндай терапия өздігінен темекі шегуді тастауға қабілетсіз немесе қаламайтын адамдарға ұсынылады.

Жаңа Англияның медициналық журналында бұдан бұрын темекі шегуден бас тарту мәселесінде көмекке жүгінген 886 адамның қатысуымен жүргізілген зерттеуі жарияланды. Жартысына никотинді сағыздар мен никотинді пластырлар ұсынылды. Ал екінші жартысына – электронды сигареттер. Нәтижелері электронды сигареттер ұсынылғандардың шамамен 20 пайызы темекі шегуден бас тартқаны туралы куәлайды. Бұл – никотинді сағыздар мен жабыстырғыштар ұсынылған топқа қарағанда екі есе жоғары көрсеткіш.

Баламалы өнімдер нарығының қолдауының арқасында, Британия темекі шегуші халықтың 15,5 пайыз белгісіне дейін қол жеткізді (2016 жылғы деректер бойынша). Бүгінгі күні шамамен 2 млн. британдық азамат вейперлер болып табылады. Тағы да 470 мың адам темекі шегуді тастау үшін вейпті пайдаланады. Британиядағы никотиндік тәуелділіктен құтылуды ынталандыру деңгейі Еуропаның басқа елдерімен салыстырғанда өте жоғары. Сарапшылардың пікірі бойынша оған никотинді жеткізудің электрондық жүйелері түріндегі баламасының арқасында қол жеткізілді.

IQOS - электрондық сигареттің тағы бір түрі ме?

IQOS -бұл бүкіл әлемде вейпингтің толық дамығанынан кейін танымал болған құрылғы.

Бүгінгі күні көптеген ғалымдар IQOS құрылғысын төмендетілген тәуекел жүйелеріне жатқызады. Мысалы, 2017 жылы Стражеско атындағы Кардиология институтында электрондық сигареттердің адам ағзасына әсері туралы зерттеуі жүргізілді.

Алты ай ішінде жүргізілген зерттеу барысында, 60 адам (орташа жасы 35 жас және барлығы темекі шегушілер) үш топқа бөлінді. Бірінші топ кәдімгі сигареттерді шегуді жалғастырды, екіншісі вейптерді пайдаланды, ал үшіншісі IQOSтемекіні қыздыру жүйелерін қолданды.

Зерттеу нәтижелері Варшавадағы Жаһандық никотиндік форумда таныстырылды, мұнда зерттеу тобының жетекшісі Елена Кваша келесі тұжырымдарын ұсынды: алты ай өткеннен кейін екінші және үшінші топта оң өзгерістері байқалды, яғни, эндотелин деңгейі мен атерогендік коэффициенті төмендеді, бұл жүрек-қан тамырлары ауруларының даму тәуекелінің қысқаруы туралы куәлайды. Денсаулық күйіндегі анағұрлым елеулі жақсаруы электрондық сигареттердің пайдаланушыларында аталды, табак қыздыру жүйесіне көшкен қатысушылардың нәтижелері біршама жақсарды, сол уақытта темекі шегушілердің көрсеткіштері сол деңгейінде қалды.

Еуропа елдерінің тәжірибесі, сонымен қатар АҚШ-ғы зерттеулердің көпшілігі никотинді жеткізудің электрондық жүйелерін Қазақстандағы темекі шегудің баламасы ретінде қарастыру мүмкіндігін береді.

Өкінішке қарай, денсаулық сақтау саласындағы өкілетті органдардың қолдауынсыз қазақстандық темекі шегушілер мен олардың никотинді жеткізудің альтернативтіжүйелеріне көшуден кейінгі хал-жағдайы туралы деректерді ұсыну мүмкін болмай отыр. Бірақ, вейп-шоптардың саны (электрондық сигареттерді сату бойынша мамандандырылған дүкендер), интернеттегі және әлеуметтік желі парақшаларындағы форумдар бойынша бұл бағыттың темекі шегуді тастауды немесе зиянды әдеттің өз ағзасына әсерін минимумдауды қалайтын қазақстандық темекі шегушілер арасында өте өзекті екендігі туралы объективті болжамдауға болады. Әлеуметтік желілердің кеңістігінде вейптерге немесе төмендетілген тәуекел құрылғылары ретінде қарастырылатын темекініқыздыру жүйелеріне көшудің арқасында өздерін жақсырақ сезіне бастаған адамдардың көптеген оң пікірлерін табуға болады.

Гуманистік заңнамалық база жетекші елдердің бұрыннан бар тәжірибесімен бірге, болашақта қазақстандық темекі шегушілердің санын Британия көрсеткіштерімен сәйкес, салыстырмалы динамикада қысқартуға мүмкіндік береді деген сенімдеміз.