Алматылық эмбриондар ата-анасын іздейді
Алматылық эмбриондар ата-анасын іздейді
Фото: Интернеттен алынды
300
оқылды
Репродуктивті (адам ұрпағын өрбіту) медицина институты өз Instagram парақшасына мыңдаған эмбрион өз ата-анасын күтіп жүргенін жазды. «Ата-аналар жоғалып кетті! Келіңіздер, оларды бірге іздейік! ИРМ-да (Институт репродуктивной медицины) 25074 эмбрион бар, бұл - 100 балабақша! Кейбір эмбриондардың сақталып келе жатқанына 10 жылдан асты. Өкінішке қарай, балақайлардың кейбіреуі өз ата-анасын жоғалтып алды. Олардың телефон нөмірі мен мекен-жайы өзгерген. Күту айларға емес, жылдарға созылып жатыр...» деп хабарлайды институт. Этикалық норма бойынша болашақ бөбектердің ата-анасымен қауышқанға дейінгі «өмірін» сақтау үшін барлық шығынды клиника мойнына алады. Зертхана мамандары сақтау орнын үнемі қадағалап, оларға бар жағдайды жасайды. «Біздің «бөбектер» өз ата-анасымен кездесер сәтті шыдамдылықпен күтуде» дейді репродуктологтар. «Естімеген елде көп» деген – осы.