Карантинде саяжайға баруға рұқсат берді
Карантинде саяжайға баруға рұқсат берді
Фото: Интернеттен алынды
222
оқылды
Карантин басталғалы алматылықтарды мазалаған бір сауал өз саяжайларына бару мәселесі болды. «Көктемнің әр күні – жылға азық» деген тәмсілді ескерсек, күнделікті тұтынатын көк-сөгі мен қыстық азығын саяжайға егіп алуды дағдыға айналдырғандарды түсінуге болады. Бүгін осы сұраққа нүкте қойылды. Қала тұрғындарына өз саяжайларына, оның ішінде Алматы облысында орналасқан саяжайларына баруға рұқсат етілмек. Ол үшін ешқандай қосымша өтініш берудің қажеті жоқ. Саяжайға бару үшін қала тұрғындары келесі ережелерді сақтауы керек: – саяжай меншігін растайтын заңды құжат пен өзінің және 2 адамнан аспайтын ілесушінің жеке куәлігін көрсету; – саяжайға барар жолда міндетті түрде медициналық бетперде тағу, қол өңдеуге арналған антисептик болуы қажет; – аса қажеттіліксіз саяжай аумағынан шығуға болмайды; – саяжай аумағына көршілер мен қонақ кіргізуге тыйым салынады; – бір отбасынан болмаған жағдайда, 3 адамнан артық топталуға болмайды. Осы орайда, жасы 65-тен асқан алматылықтарға үйде болуға кеңес береміз. Осы ережелерді әзірлеу кезінде саяжайға баруға рұқсат сұрайтындардың басым бөлігі электронды өтініш беруге қиналатын егде жастағы азаматтар екендігін ескерілді. Сондықтан Жедел штаб саяжайға баратын азаматтардың жүріп-тұруын мейлінше жеңілдетуге тырысты. Енді алматылықтар тек саяжайының бар екендігін растайтын құжат пен жеке куәлігін көрсетсе жеткілікті. Сонымен қатар, саяжайлардың мақсатқа сәйкес пайдаланылуы ішінара тексерілетіндігін ескертеміз.