«Еркін түрде «мен» дей алатын қоғам қалыптасты» – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми
«Еркін түрде «мен» дей алатын қоғам қалыптасты» – Қазақстан Республикасы Конституциялық Кеңесінің Төрағасы Қайрат Мәми
427
оқылды
– Қайрат Әбдіразақұлы, қа­зір­гі кезде әлемде ахуал аумалы-төк­пелі. Осындай жағдайда мем­ле­кеттің ықпалды әрекетінің Кон­с­титуция нормаларымен бай­ла­­нысына тоқталып өтсеңіз. – Иә, әлемнің түкпір-түк­пірінде коронавирусқа қарсы оқшаулау режимі енгізілгенін бәріміз басымыздан өткеріп жатырмыз. «Көппен көрген ұлы той» демекші, бұл індеттің шешімін халықаралық қауым­дастық болып іздеп жатыр. Бізде де Мемлекет басшысы, Үкімет, тиісті органдар аталған дертпен күресте бар күшін салып жатыр. Құдай қаласа, осы сыннан да өтерміз. Ал «аумалы-төкпелі» деген тіркесіңізбен келісу қиын. Қазіргі ахуал төңкеріс немесе саяси дағдарыс емес, бұл әлемге келген медициналық қатер. Қатерлі вирустың пайда болу себептері мен оған қарсы вакцинаны жасау бойынша дүниежүзінде маман­дар жұмыс істеуде. Мұн­дай ауыртпалықтар адамзат тарихында болып тұрған. Оба, шешек сияқты індеттің залалын халқымыз басынан өткерген. Сол кезде де үлкен адам шығыны болғаны тарихтан белгілі. Төтенше жағдай кезінде әрбір мемлекетте Конституция мен заң шеңберінде өздеріне берілген функцияларына сәйкес қорғану шараларын қолдану мүмкіндігі болуы керек. Осы орайда, біздің Үкімет те індетке қарсы алдын алу шараларын, шектеу амалдарын заң аясында атқарып жатқанын атап өткім келеді. Конституцияның 1-бабын­да: «Республиканың ең қым­бат қазынасы – адам және адам­ның өмірі, құқықтары мен бос­тан­дықтары» деп жария­лан­ған. Қабылданған оқшаулау шаралары осы қағидатты, яғни елдегі барлық азаматтардың өмірін сақтау үшін жасалған. Бастың саулығы маңызды. Ата заңның 39-бабы 1-тармағына сәйкес, халықтың денсаулығы мен имандылығын сақтау мақса­тын­да қажетті шамада аза­мат­тардың құқықтары шектелуі мүм­кін. Конституцияның осы импе­ра­тивті талабын ескере отырып, мемлекет тарапынан қажетті шаралар қолданылып жатыр. Әрине, қоғамдық тірліктің біраз саласы шектеуден зиян шегіп, мүд­делік пайдасынан қағажу көріп жатыр. Бизнес, кәсіп­кер­лік салаларының эконо­ми­калық жағдайы күйзеліске түсу­де. Деген­мен олар адам аман­ды­ғынан жоғары емес. Сон­дық­тан ең жоғары құндылық – адам өмірін қорғауға басымдық беру заңды құбылыс және ол Ата заң талаптарынан туындайды. – Былтыр Конституциялық Кеңес үшін де тарихи жыл болды. Елімізде билік транзиті өтті, оған сәйкес Кеңес Ата заң бойын­ша түсініктемелер берді. Сол жұмыстың қорытындысын шығара кетсеңіз. – 2019 жыл Қазақстан мемле­кет­тілігі мен конституция­лық бірегейлігі үшін тарихи таңбалы оқиғасымен ерекшеленді. Елі­­міз­де жоғары билік бай­сал­­­ды түрде ауысты. Бұл про­цестің Ата заң талабына сәй­кес болуын қамтамасыз етуге Конституциялық Кеңес өз үле­сін қосты. Республика Прези­ден­тінің өтініші бойынша Кон­ституцияның 42-бабы 3-тар­ма­ғына түсіндірме беріліп, Мем­лекет басшысы өкілеттігін мер­зімінен бұрын тоқтату негіз­дерінің қатарына оның өз еркі бойынша отставкаға шығу құқы да кіретіні нақтыланды. Мем­ле­кет басшысы өкілеттігінің көшуі және республика Прези­ден­тінің кезектен тыс сайлауы Конституцияның, Кеңестің атал­ған шешімдерінің және сай­лау туралы заңнаманың талап­тарына қатаң сәйкестікте өтті. – Соңғы уақыттағы Консти­ту­цияның әлеуетін ашу жолында қандай тың бастамаларды атай аласыз? – Уақыт өткен сайын қоғам талабы, өмір сүру салты өзгереді, қоғамдық қатынастар жаңа сапаға бейімделеді. Сондықтан заңдардың өзгеруі, жаңасының қабылдануы – қалыпты үрдіс. Ол үрдіс мемлекет дамуының жаңа дәуірінде жалғасын табуда. Елімізде конституционализмді дәйекті түрде орнықтыру, мем­лекеттік құрылыс саласын­дағы конституциялық нормалардың қолданылу тиімділігін арттыру, адамның және азаматтың құқықтары мен бостандықтарына кепілдік беру жөніндегі жұмыстар жалғасуда. Мысалы, Парламент қарауында митингілер туралы жаңа заң жобасы қаралып жатыр. Ол Конституцияда көзделген Қазақстан азаматтарының бей­біт митингілер мен демон­стра­циялар, шерулер өткізу құқығын жүзеге асырудың жеңілдетілген тәртібін бекітуді көздейді. Сонымен қатар парламенттік оппозицияның мүмкіндіктерін күшейтетін, әйелдер мен жастардың саяси құқықтарын кеңейтетін заң жобалары әзірленді. Мұның бәрі – мемлекет пен қоғамды одан әрі демократияландыру процесіндегі жаңа қадамдар. Олар тиісті конституциялық ережелердің өмірге ену деңгейін анағұрлым арттырады. – Жақында Қазақстанда пре­зиденттік институттың орнық­қанына 30 жыл толды. Кон­ституцияда қарастырылған бұл басқару нысанының қандай ерекшелігі бар? – Осыдан 30 жыл бұрын, 1990 жылғы 24 сәуірде Қазақ­станның президенттік институты құрылды. Бұл респуб­ликадағы нақты басқарудың барлық тетіктері Жоғарғы Кеңес пен Министрлер Кеңесінде шо­ғыр­ланған кезде болды. Сол тарихи кезеңде мұндай ұста­ным дамуға ықпал етпей, керісінше оны тежеді. Сондық­тан Қазақстанда президенттік институт құрылды. Мемлекет басшысының тікелей басқаруымен атқарушы-өкімдік билікті орталықтандыруға бағыт алынды. Сөйтіп, мемлекетті басқару бір жүйеге түсіп, нақты жұмыс істеуге мүмкіндік туды. Содан бері қазақстандық басқару нысаны қоғам мен мемлекеттің терең жаңғыруы жағдайында белгілі бір эволюция кезеңінен өтті. Мемлекетті басқару тетігі жұмысқа қабілетті және тұрақты болып қалыптасты. Қазақстан Президенті елдің Конституциясына және ха­лықтың сеніміне сүйене оты­рып, елдің қарыштап дамуы­на ықпал ететін бүкіл саяси тетіктің өзегіне айналды. Конституциялық реформалардың нәтижесінде президенттік басқару нысаны жетілдіріліп, онда Парламент пен Үкіметтің дербестігі мен жауапкершілігі дәйекті түрде күшейе түсті. Дей тұрғанмен, Мемлекет басшысының саяси үйлестіру және саяси бақылау жөніндегі іргелі функциялары сақталуы тиіс. Президенттік  басқару  нысаны мемлекеттің тұрақтылығын, оның функцияларының сапалы орындалуын, сондай-ақ құқық үстемдігін, адам құқықтары мен бостандықтарына кепіл беруді қамтамасыз етуге әлі де ұзақ уақыт бойы қызмет ететін болады. – Биыл Қазақстан Консти­ту­ция­сының 25 жылдығы атап өтіледі. Оның мәніне тоқталып кетсеңіз. – 25 жыл – тарих үшін қас қағым сәт болса, бірақ жаңадан дербестік алған мемлекет үшін оны алдыңғы қатарлы дамыған елдердің қатарына қосу жолында ғасырға бергісіз жасампаздыққа толы меже. Осы жылдарда мем­ле­кетіміздің конституциялық тұғыры құрылып, басқару меха­низмі орнықты. Адам құқық­тары мен бостандықтары жария етіліп, ел үрейден арылып, өзін тұлға сезініп, бостандық кеңістігінде өмір сүре бастады.  

Қазақстан Президенті елдің Конституциясына және ха­лықтың сеніміне сүйене оты­рып, елдің қарыштап дамуы­на ықпал ететін бүкіл саяси тетіктің өзегіне айналды. Конституциялық рефор­малардың нәтижесінде президенттік басқару ныса­ны жетілдіріліп, онда Парламент пен Үкіметтің дер­бестігі мен жауапкершілігі дәйекті түрде күшейе түсті.

  Қазір қазақстандықтар өз талабын, мүддесін кімге болса да, қандай деңгей шеңберінде де қоя алады, тұлғалық субъективті көзқарасын жасқанбай білдіреді. Бұл – көзге көрінбейтін, өте үлкен жетістік. Еркін «мен» дей алатын қоғам қалыптасты. Адам жүйенің, басқа бір империяның құлы емес, еркін елдің ұлына айналды. Осындай құқықтық мінез, құқықтық мәдениет пен сананы қалыптастырған және оны жариялаған – осы Конс­титуция. Оның 25 жылды­ғын атап өту бір формалды шара емес, ол кең қауымға өмір сүруде басты құжатың бар, ол сенің қорғаушың, еркіндік, заңдық кепілің деп тағы да есіне салу. Ата заңның құндылық маңызын көтеру, ұлттың мәдениетін қолдап, өркениетке жол сілтеу үшін керек. – Осы орайда, қандай ірі, мазмұнды іс-шаралар жоспар­лан­ған және өткізілуде? – Барлық өңірлерде арнайы ша­ралар өткізілуде. Жыл басы­нан бері облыстарда тақы­рып­­тық конференциялар, дөң­ге­лек үстелдер және басқа да форум­дар ұйымдастырылды. Әрине, пандемияға қатысты қазіргі жағдай бұл жұмыстың қарқынына әсер етіп отыр. Біз электронды форматты бұл бағытта пайдаланып жүрміз. Жоғары оқу орындары сту­дент­тері арасында эссе кон­курсы өткізіліп, қорытын­ды­ланды. Жақында мектеп оқушылары арасында конституциялық құн­ды­лықтар жөнінде сурет салу конкурсы аяқталды. Олардың туындыларын біз арнайы жинақ ретінде шығармақпыз. Еліміздің белгілі конституциялық құқық мамандарының, құқық қорғау, сот органдары өкілдерінің қаты­суымен дәрістер өткізу жос­пар­ланған. Медиа-жоспарға сәйкес, бас­пасөзде арнайы материалдар жариялануда. Кеңес бірнеше кітап, альбом, жинақтар дайын­­­дады. Президент Жарлы­ғымен мерекелік медаль тағайын­дал­ды. Ұлттық банк арнайы мо­не­талар, Қазпошта маркалар әзір­лемек. Негізгі шаралар Конституция күні қарсаңында болмақ. Та­мыз­­д­ың соңында өтетін ха­лық­а­ралық конференцияға да­йын­дық жүріп жатыр. Конс­ти­­туция аптасы өтпек. Оның ая­сында тегін заң кеңесін беру, вебинарлар, талқылаулар және басқа да шаралар қарас­ты­ры­лады. Бұл жұмысқа адво­кат­тар, нотариустар, сот орын­­дау­шылары, халыққа қыз­­мет көрсету орталықтары тарты­ла­ды. – 2019 жылдың қарашасынан бері Конституциялық Кеңес Азиялық конституциялық соттар қауымдастығына төрағалық етіп келеді. Бұл халықаралық қауымдастықтың тиімділігі неде, бізге не береді? – Қарапайым тілде айтсам, адам көршісімен не алам, не пайда табам деп араласпайды. Араласу, қауымдасу – өмір сүрудің заңдылығы. Әлемде көптеген елдерде конституциялық әді­лет жүйесі бар, олар халықа­ра­лық құқық аясында жұмыс іс­тейді. Біз де жалпы жұрт таны­ған халықаралық құқықты құрметтейміз, талабын орындай­мыз. Бұл – ежелден қалыптасқан әлемдік тәртіп. Азиялық конституциялық соттар қауымдастығы 2010 жылы Джакартада құрылған. Ол 18 мемлекеттен тұратын тәуелсіз, автономды ұйым. Мақсаты – конс­титуциялық мәселелер бо­йын­ша ынтымақтастық ор­нату. Оның аясында кездесу­­лер, симпозиумдар, семи­нар­лар өткізу, тәжірибе ал­­масу көзделген. Біз Азия конти­нен­­тіне жататындықтан, ортақ ұқсастығымыз көп. Осы жыл­дар­да Қауымдастық үш конгресс өткіз­ді. Енді біз төраға ретінде төртінші конгресті дайындап жатырмыз. Азиялықпен қатар біз Конс­титуциялық бақылау орган­дарының еуразиялық қауым­дас­тығына да басшылық етудеміз. Оған 9 ел мүше. Мұндай шаралар еліміздің құқық саласындағы жетістіктерін әлемге танытып, халықаралық беделін көтереді, сырт бізді өркениетке қадам басқан жетілген ел деп мойын­дауды білдіреді. – Биыл қаңтарда Кеңес «Тұр­ғын үй қатынастары тура­лы» заңның кей тұстарын Конс­титуцияға сай емес деп таныды. Көпбалалы отбасының бір перзенті ержетіп, өз алдына отау тігіп, үй алса, оның әке-шешесі басқа бала­ларымен бірге жалдамалы пәтерден қуылатын еді. Мұндай кемсітуші заң қалай өтіп кеткен? – Жыл басында Конститу­ция­лық Кеңес Алматы қаласы Алатау аудандық сотының «Тұр­ғын үй қатынастары тура­лы» заңының 107-бабы 8) тар­мақ­шасын конституциялық емес деп тану туралы ұсынысын қарады. Конституциялық Кеңес­тің бұл отырысы Қазақ­станның конституциялық даму үрдісінде елеулі оқиға. Оның жұмысына Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев Консти­ту­ц­иялық Кеңестің ғұмыр бойы мүшесі ретінде бірінші рет қатысты. Өтініште көтерілген мәселе өте маңызды еді, өйткені ол азаматтардың тұрғын үйге деген конституциялық құқықтарын қамтамасыз етумен тығыз байла­нысты. Кеңес аталған баптың дау тудырған нормасын Ата заңға қайшы деп тапты. Заңның қолданыстағы редакция­сы көп­ба­лалы отбасын мемлекеттік тұрғын үй қорынан жалға алын­ған пәтерден шығару туралы шешімді барлық отбасы мүшеле­рінің мүдделерін ескере отырып қабылдауға мүмкіндік бермей, керісінше олардың тек біреуінің ғана басқа тұрғын үйді алу фактісі бойынша бәрін үйден шығаруға итермеледі.    width= Конституциялық Кеңес өз ше­шімінде – жалға алған тұрғын үйді пайдалану кезеңін­де азаматтың тұрғын үйге мұқтаж­дығы үнемі ескерілуі керек екеніне баса назар аударды. Мұндай жағдай анықталғанда отбасы мүшелерінің саны, жалға алынған және алынған пәтердің алаңы, тұрғын үй беру нормалары назарға алынуы керектігіне назар аударды. Сонымен қатар бұл нор­маның мемлекеттік және орыс тіліндегі мәтіндерінің ма­ғы­налық сәйкессіздігін де атап кетті. Жалпы, заңдарда олқылықтар кездесіп тұрады. Оның Ата заңға сәйкестігін тексеру – Кеңес­тің жұмысы. Кейбір заңды консти­ту­циялық талаптарға қайшы деп тану автоматты түрде заң шы­ғарушы органның кәсі­би деңгейінің төмендігін білдір­мей­ді. Мемлекет тетігінде Кеңес сияқты органның құрылуы заң­намада сәйкессіздіктің болуын болжайды және оларды дер кезінде жоюға бағытталған. Сон­дықтан бұл – қалыпты жағ­дай. Конституциялық Кеңес заң­дылықтың Ата заңға сәй­кес­тігін өз бетімен тексере ал­­майды. Ол бұл жұмысты тиіс­­­ті субъектілердің өтініші бол­­­ған­да ғана қарайды. Осындай өті­ніштер көп болса, соғұрлым заңнама тазарады, Конституция аясында дамиды. – Әлемде Конституциялық сот деген бар, оған азаматтар тіке­лей шағымдана алады. Заң­дағы олқылықтарды түзеу және дамыған елдер тәжірибесін енгізу үшін бізде де халықпен тікелей жұмыс істейтін осындай сот құру қажет пе? – Бұл сұрағыңыз кең кө­лем­­де жауап беруді талап ете­ді. Конституциялық ба­қы­­лау институты екінші дүние­жүзілік соғыстан соң адамзат бала­сын жәбірлену мен зор­лық­тан сақтаудың амалы тек Кон­с­титуция үстемдігі, адам құ­қы, оның құндылығын паш ету, онымен санасу дағдысын қа­лып­тастыру, қорғау мақса­тын­да құрылған болатын. Әлемде конституциялық әділет органдарының моделі көп. АҚШ-та конституциялық қарама-қайшылықты Жоғарғы сот және штаттық сот қарайды. Ал Австрия, Германия және басқа да еуропалық мемлекеттерде бұл мәселе Конституциялық соттың құзырына кірсе, Франция, Алжир сияқты елдерде Конституциялық Кеңеске жүктелген. Ауғанстанда Конституцияның орындалуын тексеру жөніндегі тәуелсіз ко­мис­­сия деген орган бар. Жалпы, осы органдардың барлығы, атауларының айырма­шы­лығына қарамастан, консти­туциялық бақылау функциясын жүзеге асырады. Олардың мақса­ты бір – Ата заңның үстемдігін және оған заңнама мен құқық қолдану практикасының сәйкес­тігін қамтамасыз ету. Сіз айтқандай, біраз елдерде азаматтар Конституциялық сотқа заңның олқылықтарына тікелей шағымдануға құқылы. Бізде тұлғалардың осындай мүмкіншілігі жалпы соттар ар­қылы жүзеге асырылады. Нақты азаматтық, қылмыстық және басқа да істерді қарау кезін­де судья өзі немесе про­цес­ке қатысушылардың өті­ніш­тері бойынша адамның құқықтарына нұқсан келтіретін заңды конс­ти­туциялық емес деп тану туралы ұсыныспен Кеңеске жүгінуге қақылы. Мойындау керек, Конституциялық кеңес­ке өтініш беру қарқыны көңіл толарлықтай емес. Соңғы уа­қытта жоқтың қасы деуге бо­ла­ды. Ондай жағдайдың қа­лып­тасуына судьялар белсен­ді­лігінің төмен деңгейі ғана емес, ұйым­дас­ты­рушылық проб­ле­ма­ла­ры да ықпалын тигізуде. Соттар қолданысқа енгізіл­ген құқықтық актілердің консти­туциялылығын тексеру туралы ұсыныстармен Конституциялық Кеңеске жүгіну мүмкіншілігін кеңінен пайдалану қажет. Конс­ти­туциялық сот идеясына қайта оралсақ, бұл мәселеде орган­ның атауы емес, оларды өз мін­детін тиімді атқаруға қажетті өкілеттіктің болуы маңызды. Осы тұрғыдан қарағанда, Конс­титуциялық Кеңестің құзыры Конституциялық соттан еш кем емес. – Алдымызда мамыр айы­ның мерекелері келе жатыр. Оқыр­мандарға қандай тілегіңіз бар? – Мамыр айында біз бірнеше айтулы мерекелерді атап өте­міз. Олардың мәні өте зор. Қазақстан халқының бірлігі күні – біз баға жетпес байлығымызды, туған ел игілігі жолындағы ырысты ынты­мағымызды дәріптей­міз. Отан қорғаушы күні – арда­гер­леріміз бен бүгінгі сарбазда­ры­мызды қадірлейтін мереке. Сонымен қатар биыл – Ұлы Жеңіске 75 жыл. Ұлы Отан соғысына елімізден 1,2 мил­лион­ға жуық қазақстандық май­­­данға аттанып, жартысы орал­мады. Ал қанқұйлы соғыс­тан аман қайтып, әлі күнге дейін арамызда тірі жүрген арда­­­­герлеріміз жылдан-жылға аза­­йып бара жатыр. Соғысқа қа­тысқан бабаларымыздың ұмы­тылмас ерлігіне бас иіп, та­ғзым етуіміз – ұрпақ парызы. Фа­шизм­ге қарсы тұрғандардың арасындағы алғашқылардың бірі менің әкем еді. Біз олар­дың теңдессіз табандылығы мен қаһармандығын ешқа­шан ұмыт­пауы­мыз және насихат­тауы­мыз керек. Ол – өскелең ұрпақтың патрио­тизмін нығайтудың бір­ден-бір жолы. – Сұхбатыңызға рақмет!  

Сұхбаттасқан Әлихан ИСМАН