Жас әнші, «Голос. Дети» байқауының алтыншы кезеңінің жеңімпазы Ержан Мақсым елордада алғашқы жеке концертін береді.
Концерт 28 маусым күні «Қазақстан» орталық концерт залында өтеді. Кешке Сәкен Майғазиев, Ұлықпан Жолдасов, Ренат Ғайсин, Мөлдір Әуелбекова, Айқын Төлепберген сынды әншілер қатысады.
«Кеш жарық, инста-достар! Менің алғашқы жеке концертіме келіңіздер! Барлығыңызды асыға күтемін. Тек сіздер үшін! Жіберіп алмаңыздар, керемет болады. Үлкен рақмет», – деп жазған жас әнші Инстаграмдағы парақшасында.