Армения Премьерімен кездесті
Армения Премьерімен кездесті
5,318
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Армения Премьер-министрі Никол Пашинянмен кездесті. Кездесу барысында екіжақты экономи­калық серіктестікті тереңдету мәселелері талқыланды.

– Біздің елдерімізде ортақ дүниелер көп. Қазақ-армян компаниялары әртүрлі салаларда тығыз ынтымақтастық ор­натқан. Екі елдің сауда-экономикалық қа­тынастарын нығайта түсетін осы бай­ланыстарға тың серпін беруіміз керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Никол Пашинян түрлі саладағы Қазақстан мен Арменияның өзара ық­палдастығы одан ары кеңейе беретініне сенім білдірді.

– Елдеріміз арасындағы экономи­ка­лық байланыстар нығаюда, тауар ай­на­лымы артып келеді. Бірақ бұл бағытты да­мыту үшін әлі де өз деңгейінде пай­дала­нылмай жатқан зор әлеуетіміз бар.

Біздің құрылымдарға, соның ішінде Еуразиялық экономикалық одақ аясында тығыз іс-қимылдар жасау қа­жет, – деді Қазақстанға арнайы келген Армения Премьер-министрі.