Бас прокурор Қазақстан Президентіне қылмыс деңгейінің төмендегенін және қылмыстық үдерістегі азаматтардың конституциялық құқығын қорғау бойынша жүргізіліп жатқан жұмыстар мен қылмыстың жекелеген түрлеріне қарсы күрес туралы баяндады.
Қасым-Жомарт Тоқаевқа электронды қылмыстық және әкімшілік іс жүргізуді енгізу, сондай-ақ тексерулерді тағайындау үдерісін автоматтандыру барысы туралы мәлімделді.
– Прокуратура органдары әлеуметтік және басқа да мемлекеттік бағдарламаларға бөлінген бюджет қаржысын жұмсау барысында заңның қатаң сақталуына қол жеткізуі қажет. Заңдылықтың бұзылуына мүлдем жол бермеу керек, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.
Соңында Қазақстан Президенті қадағалаушы органның алдына басқа да бірқатар міндеттер қойды.