Бас санитар дәрігерге елімізде шектеу шараларын енгізіп, оның күшін жоя алатын өкілеттік берілді
Бас санитар дәрігерге елімізде шектеу шараларын енгізіп, оның күшін жоя алатын өкілеттік берілді
Фото: Интернеттен алынды
5,240
оқылды
Денсаулық сақтау министрлігінің COVID-19-ға қарсы іс-қимыл шараларын әзірлеу және санитарлық-эпидемиологиялық қызметті жақсарту жөніндегі отырысында маңызды шешім қабылданды. Қазақстанның Бас мемлекеттік санитар дәрігеріне кеңейтілген өкілеттіктер берілді. Енді ол елімізде шектеу шараларын енгізіп, олардың күшін жоя алады. Қаулы мемлекеттік тіркеуге жатпайды. Бас мемлекеттік санитар дәрігердің өкілеттігі мына тұрғыдан кеңейтілді: Карантиндік аймақтарды белгілеу туралы шешім қабылдау құқығымен, мемлекеттік шекарадағы өткізу пункттері арқылы кіруге және шығуға шектеу енгізу туралы шешім; Инфекциялардың әкелінуі мен таралуынан қорғалатын аумақтарда эпидемияға қарсы іс-шараларды толық үйлестіру; Эпидемиологиялық қызметтердің штаттық саны көбейді, эпидемиологтар арнайы мемлекеттік органдарға артықшылықтары бойынша теңестірілген. Сондай-ақ отырыс барысында санитарлық медициналық бақылаудың жеке қызметін бөле отырып, Тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетін қайта ұйымдастыру туралы шешім қабылданды. Бұл санитарлық-карантиндік бақылауды жетілдіру және санитарлық-эпидемиологиялық қызметтерді материалдық-техникалық жарақтандыруды жақсарту үшін жасалады.