Соғыс кезінде тылда еңбек еткен ана Ресей президентінің мерекелік медалімен марапатталды
Соғыс кезінде тылда еңбек еткен ана Ресей президентінің мерекелік медалімен марапатталды
Фото: Интернеттен алынды
452
оқылды
Жеңістің 75 жылдығы қарсаңында Түркістан облысы Созақ ауданы Қарабұлақ елді мекенінің тұрғыны, 91 жастағы ел анасы Қызтай Асанбекова Ресей Федерациясы президентінің мерекелік медалімен марапатталды.  Екінші дүниежүзілік соғыс кезінде 16 жастағы қаршадай қыз  әкесімен бірге тылда масақ теріп, майдангерлерді астықпен қамтамасыз етуге атсалысқан. Бүгінде 91 жастағы кейуана 40-тан аса немере, 10 шөбере сүйіп отыр.  width= «Осы күнге жеткізген үлкендердің ақ батасы мен алғысы шығар. Әке-шешеміз «қарғыс алма, алғыс ал» деп көп айтушы еді. Қолдан келгенше, адамға тек жақсылық жасауға тырыстым. Бүгінгі ұрпағыма да осыны айтып отырамын», – дейді ақ жаулықты ана.  width=                                                                                                                             Мұхтар ТҰРТАЙҰЛЫ