Оңтүстік Корея азаматтарды оқшаулаудың қатаң шараларын қайта енгізді
Оңтүстік Корея азаматтарды оқшаулаудың қатаң шараларын қайта енгізді
интернеттен алынды
276
оқылды
Қазір бұл елде «әлеуметтік қашықтық» режимі әрекет етіп тұр. Ел астанасында карантиннен кейін жұмыс істеуге рұқсат етілген түнгі клубтар мен барлар қайта жабылады, – деп хабарлайды Мемлекеттік комиссияның шұғыл штабы. Сеул билігі соңғы уақыттарда коронавирусты жұқтырғандар санының едәуір артуына байланысты барлық көңіл көтеру орындарының жұмысын шұғыл тоқтату туралы шешім қабылдады. 24 сағат ішінде Итхэвон ауданында коронавирусты жұқтырған 18 адам анықталды. Сонымен қатар 17 адамның бәрі бір адамнан жұқтырғаны белгілі болды. Вирусты жұқтырған адаммен бір жарым мың адамға дейін байланыста болуы мүмкін деп болжануда. Қала мэрі мамыр айының басында Итхэвондағы клубтарға барғандардың барлығын коронавирусқа тест тапсырып, үйден шықпауға шақырды. Оңтүстік Кореяда вирусты жұқтырғандар саны 11 мыңға жақындап қалды.