Оқуға онлайн түсе аласыз
Оқуға онлайн түсе аласыз
470
оқылды
Мектеп түлектері маусым айынан бастап ЖОО мен колледжге Egov порталы арқылы құжат тапсыра алады. Осы­лайша, Білім және ғылым министрлігі орынсыз жұм­са­латын шығынды үнемдемек. Жыл сайын 300 мыңнан ас­там түлек колледж бен уни­вер­ситетке құжат жиынтығын тап­сырады. Мұны министрлік ап­паратында өткен кеңесте ви­це-министр Рүстем Биғары айт­ты. Вице-министрдің сө­зін­ше, түлектер жыл сайын құ­жат тапсыру үшін  1 млрд тең­ге жұмсайды. Енді бұл үрдіс ав­томатты жүйеге ауысады. Бар­лық білім беру ұйымына қа­былдау «Электронды үкімет» пор­талы арқылы жүреді. Иә, вице-министр сөзінің жа­ны бар. Университет пен кол­леджге құжат тапсыру үшін фо­тосурет, түрлі анықтама, ат­тестат және тағы басқа қа­ғаздың көшірмесі қажет. Мұ­ның бәрін жинап болдым де­генде білім беру ұйымы ал­дында ұзын-сонар кезек кү­тіп тұрады. Кейбірі таңғы са­ғат 6-дан бастап университет ау­мағын торуылдайды. Білім ми­нистрі былтыр осындай әуресі көп механизмді өзгертетінін айт­қан-ды. Аймағамбетов сө­зін­де тұрып, құжат тапсыру Egov порталы арқылы іске аса­ты­нын, қазір тиісті жұмыстар жүріп жатқанын мәлімдеді. Асхат Аймағамбетовтің ай­туынша, пандемия жағдайында бұл өте қолайлы шешім. Енді тү­лектер үйден шықпай-ақ қа­лаған оқу орнына құжат тап­­сыра алады. Ол үшін ал­ды­­мен университет пен кол­ледж тарапынан құжатты электронды түрде қабылдауға жауап­ты тұлға бекіту керек. Олар­ға министрлік жаңа стан­дарт бойынша құжат тап­сыру ережесі туралы егжей-тег­жей­лі түсіндіріп, оқытады. Нә­тижесінде жауапты тұлға мау­сым айынан бастап құжат қа­былдауға дайын болады. Ал қабылдау комиссиясы талапкер құжатын қараған соң оған құжатты қабылдау туралы, конкурстың мерзімі мен арнайы емтихан жайында хабарлама жібереді. Осы орайда, М.Нәрік­баев атындағы ҚАЗГЮУ Уни­вер­си­те­тіне қоңырау шалып, жаңа жүйемен танысқаны туралы сұ­рап көрдік.  Университеттің бас­пасөз қызметінің хабарлауынша, оқу орны карантин жарияланған уақытқа дейін де жыл бойы он­лайн құжат қабылдаған. Аталған оқу орны тәжірибе жүзінде Қа­зақстан бойынша онлайн құ­жат қабылдауды енгізген ал­­­ғаш­қы оқу орны. Осыған дейін университетке түсуге та­лап білдіргендер Нұр-Сұлтан қа­ласына келмей-ақ, қашықтан үй­де отырып құжаттарын тап­сыр­ған. Бұл жүйе карантин уа­­қы­тында мектеп бітірушілер ара­сында үлкен сұранысқа ие бо­лып, тиімді жүйе ретінде ба­ға­ланған-ды. Рет бойынша онлайн құ­жат қабылдау кезінде талап­кер ресми сайтта өтінім толты­ра­ды. Толтыру нұсқаулығы уни­вер­ситет сайтында бар. Оқу ақы­сы таңдаған мамандығына сәй­кес кредиттік төлем сомасын ав­­­томатты түрде есептеп, эк­ран­ға ұсынады. Оқу орнының қабылдау комиссиясы министрлік көр­сеткендей портал арқылы да жұмыс істеуге дайын. Электронды үкімет жүктемені көтере алмай жатқан жағдайда, білім беру ұйымының сайты да онлайн құжат қабылдауға қауқарлы екенін айтты.  

Онлайн өтініш толтыруға болады

Еліміздегі бірқатар оқу ор­­­нында жатақханаға өтініш қа­былдау онлайн форматқа көш­кен. Бірақ барлық білім беру ұйы­мында жағдай мұндай емес. Енді барша студент «Эле­к­­трон­ды үкімет» порталы ар­қы­лы жұмысын жеңілдетіп, жатақ­ха­на­ға өтініш беруіне болады. Министрлік мәліметінше, бар­лық жүйе бір механизммен жұ­мыс істейді. Яғни, Egov пор­та­лы арқылы университетке құ­жат тапсырсаңыз, тиісті қыз­мет­тің бәрі автоматты түрде шы­­­ғады. Сізге жатақхана керек бол­са, құжат тапсыру бөлімінен кейін жаңа терезе ашылып, жа­тақханаға өтініш бересіз. Бұ­рын колледжде тегін ыстық та­мақ ішу үшін де бірнеше құ­жат жинап, кезекке тұрып, әлеу­мет­тік статусты айқындау керек-ті. Енді мұның бәрі бір жүйеде іс­ке асып, талапкердің жұмысы жеңіл­дейтін болды. Осыған дейін Білім және ғы­­л­ым министрлігі ҰБТ-ға қа­ты­су туралы өтінішті де он­лайн форматқа ауыстырды. Бұл қызмет те Egov порталы ар­қылы жүзеге асады. Соңғы мә­ліметке сүйенсек, онлайн өті­ніш қабылдау мерзімі аяқ­тал­ды. Мұнда да түсіндіру жұ­мы­сы жүрді, жауапты тұлға бе­кітті. Ата-аналар тарапынан тү­сініспеушілік туса да, кейде Egov порталы жүктемені көтере ал­маса да, түлектер онлайн өті­ніш толтырып үлгерді.  

Балабақшаға кезекке тұру жеңілдейді

Жоғарыда барлық білім беру ұйымына құжат тапсырудың онлайн форматқа көшетінін жаз­­­­дық. Сондықтан мектеп мен балабақшаға құжат тапсыру да автоматты жүйеге көшеді. Балаңызды бір мектептен екін­ші­сіне ауыстыру, балабақша ке­зе­гі мәселесінде «Электронды үкі­мет» арқылы реттеуге болады. Министрліктің ақпаратына сүйенсек, 2021 жылдан бастап 1-сы­нып оқушыларының құ­жа­тын 1 сәуір мен 1 тамыз ара­­­­лығында қабылдайды. Сәй­кесінше ата-аналар мек­тепті алдын ала таң­дап, оқу­ға қабылдау құжатын жи­нақтайды. Бұл жүйенің мектеп басшы­лы­ғына тигізер пайдасы көп. Өйт­кені олар сыныптағы бала са­нын алдын ала анықтап, қа­жетті оқулық санын да рет­тей­ді. Сыныптардың санына бай­ланысты педагогті жұмысқа қа­был­дай алады әрі бұл мұғалімдер арасында сағат бөлуге көмегі тиеді. Ал балабақшаға келсек, ата-ана баласын білім беру бөлімінің кеңсесі арқылы ғана емес, «Аза­маттарға арналған үкімет» бөлімі немесе «Электронды үкімет» веб-порталы арқылы балабақша кезегіне тұрғызады.  Егер егіз не­месе үшем балалардың бірі балабақшаға орналасса, кейі­нірек бос орын болған жағ­дайда сыңарының да сол ұйымға тіркелуге мүмкіндігі бар. Ба­ла­бақшаларға қабылдауда жеңілдік санатына мән беріледі.  Педагогтердің және мүгедек баласы бар отбасылардың ба­ла­лары бірінші кезекте қа­был­­данады. Бос орындарға ар­найы санаттағы балалар қа­былданғаннан кейін үш күн өт­кен соң, қалған орын үшін ке­зекте тұрған 1 000 өтініш қа­ра­лады. Осылайша, білім жүйесіндегі он­лайн-өзгеріс уақытты үнем­деуге, жедел қимылдауға, цифрлы технологияның ар­тық­­шылығын меңгеруге үйрет­пек. Оның үсті­не, қаржы үнем­деуге септігі тие­ді. Білім министрлігінің тың бас­тамаға бейім екенін білеміз. Ал бұған порталдың  әлеуеті же­те ме? ҰБТ тапсыру үшін он­лайн өтініш толтырғанда сыр бер­ген портал 300 мың түлектің құ­жатын қабылдауға дайын ба? Мә­селе осында.  

Айзат АЙДАРҚЫЗЫ