Мақтаарал: 578 үйден су сорып шығарылды
Мақтаарал: 578 үйден су сорып шығарылды
фото: ашық дереккөз
260
оқылды
Түркістан облысының Мақтаарал ауданында құтқарушылар, жергілікті атқарушы органдар қабылдаған шаралардың арқасында Нұрлыжол, Фирдоуси, Өргебас, Достық және Жеңіс елді мекендерінде су басқан 1 030 үйдің 578-нен су сорып шығарды. 52 үй су астында қалды. Су басқан аумақтардан суды сорып шығару және қорғау бөгеттерін салу жұмыстары жалғасуда. Жүргізілген жұмыстардың арқасында су басқан аумақ көлемі 402 га азайып, 7009 га құрады, деп хабарлайды ҚазАқпарат ІІМ Төтенше жағдайлар комитетіне баспасөз қызметіне сілтеме жасап. Баспасөз мәліметтеріне қарағанда, Өргебас және Фирдоуси ауылдарында автокөлік қозғалысы үшін ішкі автожолдар ашылды. «АМО» ММ шұғыл бригадасы және Түркістан облысы ТЖД психологтары зардап шеккен халыққа психологиялық көмек көрсету жұмыстарын жүргізуде. «Бүгінгі күні 6,2 млн. астам м3 су сорылды. Жалпы ұзындығы 22 шақырым уақытша бөгеттер салынды, 87 000-нан астам қап төселді және су бұру үшін 3 коллектор орнатылды»,-делінген хабарламада. Тәулік бойы ІІМ, ҚМ, ЖАО және Өзбекстан ТЖМ күштері мен құралдары 1606 адам, 321 бірлік техника, 13 жүзу құралы, 207 мотопомпа жұмысын жалғастыруда.