Орыс баласы Ресейде қазақ радиосын ашты
Орыс баласы Ресейде қазақ радиосын ашты
186
оқылды

Ресейде 9 сынып оқушысы қазақ тілінде ақпарат тарататын радио ашты. Енді Омбы қаласының тұрғындары таза қазақ тілді хабарламаларды онлайн режимде тыңдай алады екен.

 Бұл бастамаға Илья Гальцов деген мектеп оқушысы мұрындық болған. Оның айтуынша, қазақ тіліне деген қызығушылығы жазғы демалыста Қазақстандағы ата-әжесінің үйінде жүргенде басталған.

«Радио арқылы біз қазақ халқының тілін, мәдениетін, әдет-ғұрпын насихаттаймыз. Қазір грант байқауына қатысып жатырмыз. Кейін бүкіл Ресейге жарияланатын әуе толқынды алғымыз келеді. Нәтижесінде, Ресейдің кез келген жерінде жүрген қазақтар ана тілін жаттап, тарихи отаны жайында бүкіл жаңалықтардан хабардар болады», - дейді радио директоры Илья Гальцов. Жуырда ол радиоға қазақ тілі курстарының аудио нұсқасын енгізуді жоспарлап отыр.

Қазір онлайн режимде жұмыс істеп тұрған радиода қазақ тілінде жаңалықтар мен әндер жариялануда. Әзірге радионы күніне 300-ге жуық адам тыңдайды екен.

Бүгінде тек Омбы облысының өзінде 80 мыңнан астам этникалық қазақ тұрады.