«Адалдық сағатына» Ақмола облысынан 556 мектеп қатысты
«Адалдық сағатына» Ақмола облысынан 556 мектеп қатысты
© Сурет ғаламтордан
238
оқылды
Ақмола облысында оқушылар арасында парасаттылық идеологиясын ілгерілету мақсатында Абайдың 175-жылдығына арналған «Адалдық сағаты» өтті. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Ақмола облысы бойынша департаментінің баспасөз қызметі хабарлады. ұған дейін өткізілген шара биыл онлайн форматында өткізіліп отыр.
«Адалдықты мұра еткен Ұлы Абай» - қазақ ақыны мен ағартушысының шығармашылығына арналған тақырыптағы республикалық «EL ARNA» және «Balapan» телеарналары, сондай-ақ Агенттіктің Youtube-арнасы мен оның аумақтық департаменттерінің, «Adaldyq alańy» жобалық кеңселерінің әлеуметтік желілердегі парақшалары арқылы көрсетілімдер ұйымдастырылды. Аталған акция аясында республика бойынша жоғарғы оқу орындары және колледждердің 1-курс студенттері мен 9-11 сынып оқушылары қамтылды. Ақмола өңірінде акцияға 556 мектеп, 4 ЖОО және 34 колледж қатысты», - дейді ведомствоның баспасөз хатшысы Динара Нұртас.
Айта кетейік, облыстық Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметі қоғамда парасаттылық қағидаттарын насихаттауды, оның ішінде «Адалдық сағаты» акциясы шеңберінде дәріс өткізу жолымен тұрақты негізде жүзеге асырады.