Заң алдында бәрі бірдей
Заң алдында бәрі бірдей
369
оқылды

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ақордада облыстардың және Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалаларының әкімдерімен кеңес өткізді.

Қазақстан Президенті әкімдердің алды­на бірқатар міндет қойды. Мемлекет басшысы ең алдымен азаматтардың құ­қық­тары мен бостандығын, олардың ты­ныштығы мен қауіпсіздігін қамтамасыз етуді тапсырды.

– Елімізде заң үстемдік етуі тиіс. Заң ал­дында билік өкілдері де, азаматтар да бір­дей. Бастысы – халықпен диалог ор­нату. Билік халықты тыңдап, олардың та­лап-тілектеріне зейін қоюы керек. Ше­неу­нік­тер кабинеттерінде отырмауы керек. Тұр­ғындармен жұмыс істеуі керек. Әкімдер мем­лекеттің саясатын азаматтарға түсін­діруі тиіс, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстан Президенті әкімдердің қыз­меті жаңа жұмыс орындарын ашуға ба­ғыт­талуы керек екенін айтты. Бұл әкімдер жұ­мы­сының басты көрсеткіші болады.

Қасым-Жомарт Тоқаев жаңадан құрыл­ған Ұлттық қоғамдық сенім кеңесіне мү­ше болатын азаматтарды барлық өңірден ұсыну қажет екенін айтты. Оларды іріктеу әділ болуы шарт. Сондай-ақ ол жастар сая­сатына да тоқталып, ол үшін әлеуметтік лиф­тілер қалыптастыру қажеттігін айтты.

– Менің тапсырмам бойынша, Прези­дент­тің кадрлық резерві құрылып, оған 300 жас маман енгізіледі. Әкімдердің міндеті – резервке ең дарынды және келе­шегінен үміт күттіретін жас басқарушы­ларды ірік­теу, – деді Қасым-Жомарт Тоқаев. Соңын­да Мемлекет басшысы бірқатар нақты тап­сырма берді.