Оң бастамалармен танысты
Оң бастамалармен танысты
447
оқылды

Алматы қаласына іссапармен келген Nur Otan партиясының хатшысы Илья Теренченко «Құтты мекен» ұлттық жобасы аясында іске асып жатқан Алатау ауданындағы жол құрылысы нысанымен танысты.

Шараға қалалық мәслихат депутаттары, аталған нысанның кураторы Нұрия Ниязова және Партиялық бақылау қызметінің жетекшісі Дәурен Бижұманов­тар қатысты. Партия өкілдері құ­ры­лыс­тың қалай жүріп жат­қанын бақылап, жол сапасына на­зар аударды. Сондай-ақ сапар аясын­да олар «Есік жолдары» ЖШС мамандарымен де кезде­сіп, пікір алысты. Қазіргі таңда «Құт­ты мекен» жобасы бойын­ша Алматы қаласында 50-ден астам әлеуметтік және инже­нер­лік инфрақұрылымдар құ­ры­лысы қолға алынған. Әрине, мұның бар­лығына делік партия өзі тіке­лей бақылау жасайды.

– Елбасы Nur Otan партия­сы­­ның XVIII съезінде Нұр-Сұл­тан, Алматы және Шымкент қа­лаларындағы проблемаларды шешу үшін республикалық бюд­жеттен 90 миллиард теңге бөлінетінін жария еткен бола­тын. Аталған қаржы бөлінісі ал­дағы үш жыл ішінде жүзеге асуы тиіс. Аталған шаһарлар елдің эконо­ми­калық өсімі жо­лында басты рөл атқаратын қалалар болған­дық­тан қала ішіндегі және сырт жақтардағы тұр­ғындар көп қоныс­танған өлкелердегі мәселе­лер­ді шешу өте маңызды. Қаланың шет жағындағы жол сапасы мен инф­рақұрылым орталықтан кем болмауы тиіс. Сондықтан Nur Otan партиясы бұл мәселеге баса назар аударып отыр, – деді Илья Теренченко.

Қалада 60-тан астам партия­лық біріккен 8 мобилді топ жұмыс істейді. «Алатау ауданы Ақбұ­лақ ықшамауданындағы Шәріпов көшесіндегі жол құрылысы» нысаны бойынша
11,5 шақы­рымдық жол салу жоспар­ланып отыр. Бұл жүзеге асатын болса сол жердегі он мың­нан астам тұрғынның мә­се­лесін шешеді. «Есік жол­дары» ЖШС бас директоры Павел Крульдің айтуынша, құрылыс жұ­мыстары 2020 жылдың қаң­тар айында аяқталуы тиіс.


Партия хатшысы сапар ба­ры­сында есту қабілеті нашар бала­ларға арналған №1 мектеп-интернатына барып, білім орда­сындағы IT сынып ұжымымен кездесті. Қазіргі таңда партия­ның «Тегін IT сыныптар» жо­ба­сы­ның арқасында бұл оқу орда­сында робототехниканың зама­науи кабинеті жасақталған. Бұл ба­лалардың цифрлы сауатты­лы­ғын арттыруға көмектеседі.

Бұл мектеп-интернаттың есту қабілеті нашар балалардан құр­ғал­ған «КУСИТИР» атты ко­ман­дасы өзге жалпы білім бере­тін мектептің оқушылары­мен тең дәрежеде робототехника мен инновациялық технология­ларға арналған түрлі халықара­лық фестивальде жүлделі орын­дар еншілеп жүр. Мәселен, осы команда өкілдері биыл әлем мен Еуропадағы ең танымал PROFEST – 2019 фестиваліне ша­­қыр­­тыл­­­ған. Осы мектепте бі­лім ала­тын Айдын Халиков, Артем Ковальс­кий «КУСИТИР» же­тек­шісі Тамара Стрельникова және Максим Стрельниковпен бірге Gigo Green Mech жары­сын­да кіші топтар арасында 1-орын алып, жетістікке жетті. Енді бұл команда тамыз айында Тайваньда өтетін ха­лықаралық бәсекеде ТМД намы­­сын қор­ғамақ.

– Былтыр бізді қалалық бі­лім бас­қармасы қолдап, клу­бы­мыз IT сынып­пен жабдықталған 20 мек­теп­тің қатарына кірді. Екі жылдан бері жұмыс істеп келе жа­тырмыз. Осы жылы балалар үл­кен жеңіс­тер­ге жетті. Мұндай жетістіктер олардың өмірге, тех­­ни­каға деген құлшынысын арт­ты­ра түседі. Робототехника – ме­ха­ника, элек­тро­ника және бағдар­ламалау деп үшке бөліне­тін болса, дәл қазіргі сәтте бала­лар автомо­биль механи­ка­сы бойынша жұмыс істеуде. Келе­шек­те қалған екі салаға да мойын бұратын бола­мыз, – дей­ді Тамара Стрельникова.

Мектептегі бір кабинет то­лық­­­тай IT талаптарға сай жа­сақ­­та­­лып­ты. Ол жерде балалар түрлі кон­струк­тор жасап, ро­бо­тотех­ни­­ка саласындағы білімін же­тіл­ді­ре алады. Осының бар­лы­ғымен таны­­сып шыққан пар­тия хат­шы­сы қолға алынған жұмыс­тарға риза­шы­лығын білдірді.

– Партия жобасы аясында Қа­­зақстан бойынша 700 IT сынып ашқан болатынбыз. Енді солар­дың барлығының басын қосып, бірың­ғай жүйеге айнал­дыр­ғымыз келеді. Ол үшін мықты мамандар мен жетістікке жетіп жүрген бала­лар­ды бір орталыққа шақыра­мыз. Барлы­ғының басы бір фестиваль ая­сында қосылады. Әрине, ол жер­­дегі мақ­сат кімнің мықты еке­нін анықтау емес. Ең басты­сы, жинал­ғандар бір-бірі­мен тәжі­ри­бесін бөлісіп, шебер­лік­терін жетіл­діреді. Бұл – пар­тия­ның басты мақсаты, – деп атап өтті Илья Теренченко.