Бренд трендке тәуелді
Бренд трендке тәуелді
464
оқылды

Қазақстанның Тұңғыш Президенті – Елбасы қоры мен бас редакторлар клубының ұйымдастыруымен ақпарат және байланыс саласындағы ең өзекті мәселелерді қамтыған семинар өтті.

Ozon интернет компаниясы­ның қоғаммен байланыс жөніндегі ди­рек­­торы Мария Зайкина БАҚ өкіл­де­рі күнделікті жиі кездесетін проб­ле­маларына тоқталды.

Оның айтуынша, ақпарат тара­ту­да дәстүрлі БАҚ, әсіресе, телеар­на­лар ақпаратты сүзгіден өткізбесе, қас-қағым сәтте беделі­нен айы­рылады.

– Бүгінде кез келген салада бренд қалыптастыру оңай емес. Оның ішінде, БАҚ сала­сында үздік атану екінің бірі­нің қолынан келуі неғайбыл. Себе­бі, көрермен мен оқырманды жіп­сіз байлайтындай ақпарат тарататын арналар мен сайттар арасында бәсеке жоғары. Сондық­тан әрбір ақпарат құралының тым құрығанда өзіндік бір ерекшелігі болуы қажет. Брендті сақтап қалу трендке тәуелді екенін де естен шығармаған жөн. Мәселен, бір ақпаратты әр БАҚ өз ұстанымы шеңберінде таратады. Оның ішін­де, сол мәселені жан-жақты зерт­теп ұсынған БАҚ-тың оқыр­маны, көрермені көп болады. Өйткені қазіргідей мыңдаған ақпараттың арасынан сұранысқа сай дереккөз атану да оңай емес. Себебі, қазіргі уақытта халық кез келген ақпарат­қа сене бермейді, – деді Мария Закина.

Сонымен қатар жиында БАҚ өкілдері ақпаратты талдап ұсыну, ресми ақпараттың тым кеш жария­ла­натынын да талқылады. Журна­лис­тер мемлекеттік мекемелерден ресми жауап алудың ұзақтығын тілге тиек етті. Астана LRT мекеме­сі­нің өкілі Әлия Жарқымбекова кез келген ақпаратты халыққа жет­кізуде жылдамдық қажет деген пікірімен бөлісті.

– Мәселен, бір оқиға болса, халық ақпараттың анық-қанығына көз жеткізбес бұрын, әлеуметтік желіде жариялайды. Әр азамат қолында бар дерекпен жап­пай бөліскен кезде ел нақты­сын білмей шатасады. Кімге сенерін білмей дағдарып қалады. Сондық­тан әр мекеменің баспасөз қызме­ті­не оқиға орнынан немесе шұғыл ресми ақпарат таратуда жылдам­дық қажет. Қазіргі кезде мекемелер арасында шұғыл ақпарат таратудан өзара бәсеке бар, – деді Әлия Жарқымбекова.

Сондай-ақ БАҚ пен баспасөз қызметі арасындағы тығыз қарым-қатынас орнату өзекті мәселе екені талқыланды. Мекемелер жұмысы­ның жандануы, беделінің артуы БАҚ-пен тығыз байланысты. Жур­на­­листер мен баспасөз қызметінің өкілдері арасындағы қызу пікір­та­лас­қа түсті. Мекемелердің ресми өкілі «тосын оқиғаға байланысты мәлімдеме жасап үлгергенше, әлеуметтік желі арқылы елдің хабар­дар болуы кері әсерін тигізіп отыр» деп санайды. БАҚ өкілдері «кез келген ақпарат әлеуметтік желі арқылы тез таралғанының пай­дасы көп, сол арқылы ел оқиға­ның анық-қанығынан тікелей хабардар болады» деп есептейді.

Семинар соңында БАҚ, меке­ме­­лер, қоғамдық ұйымдардың өкіл­дері ең бірінші сапаға мән беру керек деген тұжырым жасады.