Қазақстан зығыр өндіруден дүниежүзінде – бірінші орында
Қазақстан зығыр өндіруден дүниежүзінде – бірінші орында
364
оқылды

Бүгін Нұр-Сұлтанда Ауылшаруашылық министрінің халыққа есеп беру кездесуі өтті. Министрі Сапархан Омаров өткен жылда жасалған жұмыстар мен шешілген мәселелерді қорытындысын мәлімдеді.

Ауыл шаруашылығының жалпы көлемі – 3,5%-ға, азық-түлік тауары –1,6%-ға өсті. Негізгі капиталға салынған инвестиция ағыны – 14,2 %-ға, азық-түлік өндірісі 27,3%-ға артты.

Өткен жылдың екінші жартысында Үкімет Елбасының еңбек өнімділігін және өңделген өнім экспортын 2,5 есе арттыру бойынша қойған міндеттерін қысқамерзімде іске асырып, оң нәтижесін көрсетті. Мәселен, өсімдік шаруашылғы бойынша майлы дақылдардың жалпы жиыны 2,7 млн тонна құрады. Ал зығыр өндіруден 930 мың тонна жинап, Қазақстан алғаш рет дүниежүзінде бірінші орынды иеленді. іп, көлемге дейін жетті. Ұнды қоса есептегенде, астық өнімінен 20,3 млн тонна жиналған. Оның 11,7 млн тоннасы экспортқа жіберілген. Бұл тәуелсіздік жылдарындағы еліміздің рекордтық көрсеткіші.

– 2018 жылдың екінші жартысында мал шаруашылығын дамыту бағдарламасы басталып, мал шаруашылығы өнімдерінің көлемі 2 трлн теңгені құрады. Оның негізі – шағын және орта кәсіпорындар. Арнайы жеңілдік көрсетіп, несие бөлетін «Сыбаға», «Алтын Асық», «Ырыс» бағдарламасы іске асты. Нәтижесінде, былтыр ет экспорты 18,7 мың тоннаны құрады, – деді Сапархан Омаров.

Сонымен қатар, сүтті-тауарлы шаруашылықты дамыту шеңберінде 25 сүт фермасы енгізілді. Ұйымдастырылған шаруа қожалықтарында сүт өндіру көлемі 1,5 млн тоннаны құрады. Құс шаруашылығында да 5,6 млрд астам жұмыртқа өндірілді. Оның 671 мыңы бірінші рет экспортталды.

Бүгінде еліміз экспортты дамыту жағынан алға жылжыған. Мысалы, Қытай нарығына 13 өнімді өткізсек, Иранға тірі және мұздатылған қой еті, сиыр еті, жұмыртқа жеткізуге ветеринарлық талаптар келісілді. Сауд Арабия Корольдігі мен Бахрейнге сиыр мен қой етін экспорттау жүзеге асырылды. Нәтижесінде, Қытайға – 30,4% , Парсы елдеріне – 4,1%, Иранға – 2,1%, Еуроодаққа 14,6%-ға артты.

Кездесуде министр агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдаудың тиімділігін арттыру бойынша шаруашылық жерлерін ұтымды пайдалану, ветеринарлық қауіпсіздік, ауыл шаруашылығында тәуекелдерді сақтандыру, қаржыландырудың қолжетімділігі, шаруашылық шикізатын қайта өңдеп дамыту, суармалы жер, ауыл шаруашылық корпорацияларын дамыту, топырақ жағдайын жақсарту, субсидиялар базасын қайта қарау мәселелері қаралды.

 

Еркежан СОЦИАЛОВА