Терезеден құлаған баланы құтқарған студент оқу ақысын төлемейді
Терезеден құлаған баланы құтқарған студент оқу ақысын төлемейді
Фото: Интернеттен алынды
308
оқылды
Қостанай облысында терезеден құлаған баланы құтқарған студент Темірлан Әбдіғалиев бір жылдық оқу ақысын төлемейтін болды. Ол Ақтөбедегі Бәйішев жоғары медициналық колледжінде білім алады. «Жас Отан» Жастар қанаты Темірланға алғыс айтты. Сонымен қатар студент Бәйішев жоғары медициналық колледжінің бас директоры Бекежан Аханның шешімімен 1 жылдық оқу ақысынан босатылды. ҚазАқпараттың мәліметінше, колледж директоры Бақыт Күлбаева адамгершілікке баулыған ата-анасына, мектебіне алғыс хат жолдаған. «Сол күні шай ішіп отырған болатынбыз. Анам көрші үйдің 3-қабатынан терезеге шығып тұрған баланы байқап қалды. Дереу інім екеуміз далаға жүгірдік. Үйдің терезесіне жақындағанда қорқып тұрған баланы көрдім. Содан кейін ол төмен қарай құлап кетті. Ал мен қағып алдым», – дейді Темірлан. «Жас Отан» ЖҚ АОФ төрағасы Асылжан Бүркіталин замандасының ісі жастарға үлгі екенін айтты. «Темірлан – ержүрек батырлардың ұрпағы. Оның ерлігін біз барша жастарға үлгі етеміз. Бүкіл жастардың алдында батырдың қолын алар едім, алайда індеттің таралуы қолбайлау болып отыр», – дейді Асылжан Бүркіталин.