Тұрақтылық ұстынын атады
Тұрақтылық ұстынын атады
354
оқылды

Қазақстан мен Болгария арасында сенімді серіктестік орнатылды. Бұл жайында Мәжіліс төрағасы Нұрлан Нығматулин Болгария республикасының Қазақстандағы Төтенше және өкілетті елшісі Васил Петковты қа­был­дау кезінде мәлім етті.

Болгария – Балқан айма­ғын­дағы Қазақстанның маңызды әріп­тесі екенін баса айтқан па­ла­та спикері екіжақты қарым-қаты­настың барлық саласы бойын­ша елдеріміз арасында ын­тымақтастықтың жолға қойыл­ғанын атап өтті.

Парламентаралық өзара әрекеттестік тақырыбын тілге тиек еткен Нұрлан Нығматулин 23-24 қыркүйекте, елордамыз Нұр-Сұлтан қаласында «Үлкен Еуразия: Диалог. Сенім. Серік­тестік» тақырыбында өтетін Еуропа мен Азия елдері парла­мент­тері төрағаларының IV кеңесіне Болгарияның Ұлт­тық жиналысының төрағасы баста­ған парламенттік делега­ция­­сының қатысуы «қазақ-болгар қарым-қатынастарының жоғары деңге­йін паш етеріне» сенім білдірді.

Өз кезегінде Болгария елшісі Васил Петков Қазақстанды Ор­талық Азиядағы тұрақтан­дыру­шы фактор ретінде атады. Со­нымен қатар дипломат екі­жақ­ты қа­рым-қатынастарды дос­тық пен өзара тиімді серік­тес­тік ауа­нында одан ары дамы­тудың зор әлеуетіне назар ау­дарт­ты.

В.Петковтың айтуынша, Болга­рия ары қарай да Қазақ­станның халықаралық бастама­ла­рына қолдау көрсететін бо­лады.