Меморгандарға пандемия кезінде кадрлық қызметті дамытуға қолдау көрсетілді
Меморгандарға пандемия кезінде кадрлық қызметті дамытуға қолдау көрсетілді
419
оқылды
Мемлекеттік аппарат жұмысы тиімділігін қамтамасыз етуде персоналды басқару қызметтері маңызды рөлін ескере отырып, Астана мемлекеттік қызмет хабы ҚР Мемлекеттік қызмет істері агенттігімен «HR практикумы: HR трендтері және практикалық дағдылар» оқу бағдарламасын бастады. Бес айлық бағдарлама аясында қатысушылар HR-технологиялар саласындағы қазіргі трендтер және инновациялық шешімдермен танысады. Бұл пандемиядан кейінгі кезеңнің жаңа талаптары мен міндеттеріне сәйкес қызметтерді жылдам қайта құрылымдауға бағытталған. Бағдарлама сонымен қатар HR менеджерлері мен мамандарына ұйымдарда қажетті өзгерістер жасау үшін жаңа біліктіліктерді меңгеруге көмектеседі. Бірінші модульге Қазақстан мен Қырғызстан орталық және жергілікті мемлекеттік органдары персоналды басқару қызметтерінің 50-ден астам өкілі қатысты. Алғашқы дәріс барысында бағдарлама жаттықтырушысы, «Қазақстан HR менеджерлері республикалық қауымдастығы» үйлестіру кеңесі төрайымы Гүлмира Раисова пандемия кезіндегі HR рөлінің артып отырғанына тоқталды. «Белгісіздік, болжауға болмайтын, күрделілік пен түсініксіздікке толы әлемде HR рөлі стратегиялық деңгейге көтерілуде», – дейді сарапшы. Ол сонымен қатар «бүкіл әлем тығырыққа тірелген кезде көптеген ұйымдарда HR менеджерлері жетекшілермен қатар қызметкерлерге тірек бола алады» деп атап өтті. Бағдарламаның әр дәрісі теориялық бөлімнен, ірі компаниялардың HR директорларымен сұхбаттан және жаңа дағдыларды игеруге арналған практикумнан тұрады. «Қазақстан темір жолы» АҚ адам ресурстарын басқару бойынша директор Тамилa Микуличпен сұхбат барысында қатысушылар компанияда енгізілген тәжірибелер және жұмыста туындаған проблемалық жағдайлармен танысты. Бағдарламаның бірегей ерекшелігі – бағдарлама барысында HR саласындағы ең табысты және ең жаңа тәжірибелер ұсынылады. Бағдарламаның құрылымы қатысушыларға алған дағдылары мен білімдерін тәжірибеде бірден қолдануға мүмкіндік береді. Астана мемлекеттік қызмет хабы мемлекеттік қызметшілердің әлеуетін арттыруға және қазіргі жағдайда олардың қызмет тиімділігін көтеру құралдарын іздестіру бойынша меморгандарға қолдау көрсетуін жалғастыруда.