Ақтөбенің Шилісай ауылының тұрғындары блокбекетті алып тастауды талап етіп жатыр, – деп хабарлайды AstanaTV.
Телеарнаның хабарлауынша, облыс орталығының іргесінде тұрған елді мекен тұрғындары азық-түлік ала алмай жүр.
«Пленда отырған сияқтымыз. Не онда жоқ. Не мында жоқ. Ешқандай дәріхана жоқ, дүкен жоқ. Су жоқ. Суды қалаға барған сайын таситын едік. Бір «колонка» қосып еді. Жазға қарай ол да суы азайып қалды», – дейді тұрғындардың бірі Нұрлан Қасымов.
Ақтөбенің Алматы ауданы әкімінің орынбасары Бақұзақ Дариннің айтуынша, бұл мәселе министрліктің құзырында.
«Шилісай елді мекені арқылы далалық жолдар көп. Әрмен қарай шығып кетуге болады. Айналма жолдарға мына жер нағыз тиімді. Оны көшіру не жылжыту не блокбекетті ашу облыстық не қалалық штабтың құзырында емес. Ол жоғары жақтағы министрліктің құзырында», – деді Бақұзақ Дарин.
Ауылдағы интернет мәселесі де қашан шешілетіні белгісіз.