Құтқару саласы қараусыз қалған
Құтқару саласы қараусыз қалған
210
оқылды
Апат болу қаупі жоғары өндірістер жойқын қатер алдында қауқарсыз. Ал құт­қару қызметтерінің қа­зір­гі жағдайы белгісіз. Палата басшысы Нұрлан Нығма­ту­лин­­нің төраға­лы­ғы­мен өткен отырыста Мәжіліс депутат­та­ры осы олқылықты жоюға бағытталған өнеркәсіптік қауіп­сіздік мәселелері бо­йынша заңнамалық түзету­лерді бірінші оқылым­да мақұлдады. Заң жобасын талқылау бары­сында осы саладағы апат­тық-құтқару қызметтерін бақы­лау және даярлау мәсе­лелеріне ерекше мән берілді. Осы орайда депутаттар аталған кәсіби қыз­меттерді аттестаттауды және олардың іс-әрекеттеріне мем­лекеттік қадағалауды енгізе­тін түзетулерге бастамашы болды. Бұл проблема бүгінде көкейкесті дәрежеге жетті, себебі өнеркәсіптік қауіпсіздік саласына жауапты қызметтер 3 жыл бойы аттестациялаудан өтпейді. – Сонда бұл қалай болға­ны: бізде қазір тау-кен метал­лур­­гиясының, мұнай-газ ке­ше­­нінің, экономиканың бас­қа салаларының барлық ірі кә­сіпорны кіретін қауіпті өн­­ді­рістік нысандарда ат­тес­­­таттаудан өтпеген апат­тық-құт­қару қызметтері жұмыс іс­теп жатқан болды ғой?! Бұған жол беруге болмайды. Енде­ше өнеркәсіптік қауіпсіздік сала­сындағы осы кәсіби қыз­мет­тер­ді аттестаттау қайта қал­пы­­на келтірілуі тиіс, – деді Н.Нығматулин. Оның тұжырымдауынша, заң жобасын қабылдау арқа­сында жұмысшылардың қауіпті өндірістегі зиянды әсерлерден қорғалу деңгейі артады. Өнді­рісте мертігу, жарақат алу оқи­ға­лары азаймақ. Депутаттар сондай-ақ апат салдарынан келетін шығын да кемиді деген пікірде. Олар апаттық-құтқару қызметтерін бастапқы, қайталама, мер­зім­ді және кезектен тыс аттес­та­циялауды реттеу үшін заң жоба­сына жаңа бап енгізді. Нәти­жесінде, уәкілетті органға осы қызметтерді аттестаттауды өткізу тәртібін бекіту құзыры бері­леді. Бұл сала тек ірі кәсіпорын­дар­мен шектелмейді, ол қазан­дық, лифт, эскалатор секілді барша бұқара пайдаланатын құ­рыл­ғыларға қатысты бо­лып келеді. Мәжіліс Спи­кері «жауапты меморган әкім­дік­тер­мен бірлесіп, тұрғын үй инспек­ция­ларын құруы қажет» деген ұсыныс айтты. «Мемлекеттік инспектор­лар­дың лауазымдық мәртебесі заң талаптарына сәйкес кел­ті­рілуі керек. Олардың бі­лік­­тілігі және жүктемесі мәсе­ле­сі шешімін тапқаны жөн. Қолданыста «Тұрғын үй инспек­ция­сы туралы үлгі ереже» бар. Ол бойынша инспекция өзіне сеніп тапсырылған елді мекенде әлеуметтік инфрақұрылым объек­тілерінде қауіпті техни­ка­лық құрылғыларды қауіпсіз пайдалану талаптарының сақ­та­луын қадағалайды. Енді ең бас­тысы – оның орындалуы қам­тамасыз етілуі тиіс» деп түйді Нұрлан Зайроллаұлы. Жалпы, заң жобасы бизнеске әкімшілік қысымды азайтуға, қауіпті нысандарды мемлекеттік қадағалау тиімділігін арттыруға, өнеркәсіптік қауіпсіздік сала­сында аттестатталған және апат­­тық-құтқару қызметтерін ұсы­­натын ұйымдардың ісін рет­теуге, сондай-ақ заңна­ма­дағы ол­қ­ылықтар мен қай­­шы­лық­тар­ды жоюға бағыт­тал­ған.  

Елдос СЕНБАЙ