Көрші елдерге автобустар қашан шығады?
Көрші елдерге автобустар қашан шығады?
фото: ашық дереккөз
264
оқылды
Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі көрші елдерге автобуспен жолаушы тасымалдау қашан жанданатынын мәлім етті. «Ресей, Қытай, Өзбекстан, Қырғызстан және Моңғолиямен халықаралық бағыттарды жаңғырту туралы шешім бұл елдердегі санитарлық-эпидемиологиялық жағдайдың жақсаруына қарай қабылданады», делінген хабарламада. Министрліктің мәліметінше, елімізде қаларалық автобустар 5 маусымнан бастап қатынайды. Еске сала кетсек, 17 наурызда Қытай, Өзбекстан және Моңғолияға жолаушы тасымалдайтын автобустар тоқтады.