«Жақын арада ашылмайды» – санитар дәрігер шетелге билет алуға асықпау керегін айтты
«Жақын арада ашылмайды» – санитар дәрігер шетелге билет алуға асықпау керегін айтты
Фото: Интернеттен алынды
325
оқылды
Көліктегі бас санитар дәрігер Сәдуақас Байғабылов Қазақстан азаматтарына халықаралық рейстерге билет сатып алуға асықпау керегін айтты. Оның айтуынша, халықаралық рейстер қазір жабық, тұрақты рейстер жоқ. Ол Қазақстан тұрғындарын мәселелер туындауы мүмкін екенін айтып, ескертті. «Біз біртіндеп Алматы, Нұр-Сұлтан, Өскемен ішкі рейстерін аштық. Көбі (авиакомпаниялар) ресми рұқсаты жоқ қалаларға билетті сатуға қойды. Мұндай оқиға Шымкентте болған. Бір емес, ондаған адам билет алып, әуежайға келсе, жабық, ұшақтар жоқ, сөйтіп наразы болды. Әуе компаниялары жоқ рейстерге билеттер сатқан. Осындай жағдайға тап болмас үшін халықаралық рейстердің ашылуы туралы ресми ақпаратты күту қажет. Қазіргі уақытта әуе компаниялары шығаратын рейстерге билет сатып алуға кеңес бермеймін. Сіз ақшасыз да, билетсіз де қалуыңыз мүмкін. Бүгінде Қазақстан мен басқа елдер арасында тұрақты рейс жоқ. Жақын арада ашылмайды», ­– деді ол.