Жаңа наградалар қаралды
Жаңа наградалар қаралды
292
оқылды

Қазақстанның Мемле­кеттік хатшысы Марат Тәжиннің төрағалығымен Мемлекеттік рәміздер мен ведомстволық және оларға теңестірілген өзге де наградалар геральдик­асы мәселелері жөніндегі республикалық комис­сия­ның отырысы өтті.

Комиссия жұмысына Пар­ламент депутаттары, орталық және жергілікті атқарушы органдардың басшылары, қоғам қайраткерлері және ғалымдар қатысты.

Жиын барысында мемле­кеттік рәміздерді пай­да­лану және насихаттау жөніндегі жұ­мыс­тардың жай-күйіне қатысты Ұлттық экономика министрі Руслан Дәленовтің, Алматы қа­ласының әкімі Ба­уыр­жан Бай­бек­тің және Батыс Қазақстан облы­сының әкімі Ғали Есқа­лиевтің есептері тыңдалды.

Сондай-ақ Индустрия және инфрақұрылымдық даму, Мә­дениет және спорт министр­лік­терінің ведомстволық награ­да­ларын бекіту туралы ұсыныстары қаралды.

Отырыс қорытындысы бо­йынша, Мемлекеттік хатшы бір­қатар тапсырма берді.