Әкімдік қызметкерінің коронавирусқа шалдыққаны анықталды
Әкімдік қызметкерінің коронавирусқа шалдыққаны анықталды
Фото: Интернеттен алынды
182
оқылды
Маңғыстау облысы әкімдігінің қызметкерінен коронавирус анықталды. Ақпаратты аймақтың ішкі саясат басқармасының мамандары растады. Қазір әкімдік күшейтілген карантин режиміне ауысқан.
«Қызметкерлердің 80 пайызы қашықтан жұмыс істеп жатыр. Әкімдік ғимаратына тек маскамен кіргізіледі. Сондай-ақ бөгде адамдарға кіруге болмайды», – деді басқармадағылар.
Сондай-ақ, қызметкер коронавирусты өзінің күйеуінен жұқтырған. Қазір онымен байланыста болған адамдарды дәрігерлер бақылап отыр. «Науқаспен байланыста болғандарды анықтап жатырмыз. Ауру ошақтарында дезинфекция жасалды. Эпидемиологиялық шаралар жалғасып жатыр» делінген хабарламада.