7 000 тұрғын денсаулығын тексертті
7 000 тұрғын денсаулығын тексертті
5,485
оқылды

«Самұрық-Қазына» акционерлік қоғамы компаниялар тобы мен Денсаулық сақтау министрлігі, «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ-тың Әлеуметтік жобалар қоры және Samruk-Kazyna Trust әлеуметтік жобаларды дамыту қоры бірлесіп, «Медициналық пойыз» жобасын шалғай ауыл тұрғындарына жүзеге асырып жатыр.

Негізгі мақсат – еліміздің әр облысының шалғай бекет­те­рінде тұратын тұрғындарды тегін медициналық қызметпен қамту.

Қазақстанның шалғай бекет­терінің 7 мыңнан астам тұрғыны мамандандырылған пойызда тегін медициналық көмек алды. «Медициналық пойыз» Алматы, Шығыс Қа­зақ­стан және Павлодар об­лыс­­тарының шет аймақта ор­наласқан бекеттерінде бол­ды. Қазіргі уақытта ол Ақмо­ла өңіріне келді. Меди­ци­налық пойыз шалғай станция тұр­ғын­­дарына алғашқы меди­ци­на­лық-санитарлық және кон­суль­тациялық-диагнос­ти­ка­лық көмек көрсететінін ерек­ше атап өткен жөн. Медицина­лық пойыздың бас инженері Асқар Өмірбайдың айтуынша, вагондар С.Асфендияров атын­­дағы ұлттық медицина университетінің заманауи диа­г­ностикалық құрал-жаб­дық­тарымен жабдықтал­ған. Аппаратуралар пациенттерге қажет болған жағдайда толық жалпы және биохимиялық тал­дау жасауға, ренгено­гра­фия және флюрографиядан өтуге, ішкі органдарға және қан тамырларына УДЗ жүр­гі­зу­ге, электрокар­дио­грамма, гастрофиброскопия жасауға және басқа да диагностикалық зерттеу жүргізуге барлық жағдай жасалған.

Бұған дейін медициналық пойыз Алматы, Шығыс Қа­зақ­­стан және Павлодар об­лыс­­­­та­ры­­ның ең шалғай бекет­терін аралап келген. 7 шілдеге дейін пойыз Солтүстік Қазақ­стан және Ақмола облыстары­ның 24 теміржол бекетін ара­лай­ды. Акция басталғалы бері 7 420 адам, оның ішінде 1 465 бала дәрігерлердің қабылдауы­на келген. Жалпы, дәрігерлер­ге қаралғандардың саны 20 000-нан асады, 623 кіші хирур­гия­­лық ота, 283 ФГДС про­це­дура­­сы, 2 416 УДЗ жасалған. Флю­­ро­графиядан 1 324 адам өткен.


Samruk-Kazyna Trust әлеу­мет­­тік жобаларды дамыту қо­­ры бас директорының орын­­­­басары Әсел Шілдебаева шалғай аймақтардың тұрғын­да­рының денсаулығын жақ­сар­ту негізгі мақсат екенін айтып өтті.

– Былтыр 124 шалғай бе­кет­те тұратын 40 000-нан ас­там тұрғын тексерілген бола­­тын. Биыл біз аралайтын об­лыстардың санын көбейт­тік. Егер бір жыл бұрын пойыз 9 облыстың ғана тұрғындарын тексерсе, биылғы маусымда дәрігерлер бригадасы 21 жел­тоқ­­санға дейін жолда болады. Қазақстанның 14 облысының 195 бекетін қамту жоспарда бар. 60 000-нан астам адамды меди­циналық тексеруден өткізу жоспарда бар, – деді Әсел Шілдебаева.

Ал бригада жетекшісі Гүл­нәр Мадиеваның айтуын­ша, алыс елдімекен тұрғын­да­ры ара­сында қатерлі ісік, тубер­кулез, жүрек аурулары көбей­ген.

– Қазақстан бойынша ең шалғай бекеттердің тұрғын­дары­на мұндай медициналық көмек ауадай қажет. Әсіресе, дәрігерлер тапшы аймақтарда педиатр, кардилог, онколог, лор мамандар жетіспейді. Тұр­ғын­дар да денсаулығына жа­уап­­­кершілікпен қараса дей­мін. Себебі, ауру асқынған­ша, уақыт өткізіп алатын науқас­тар көп. Диагнозын айтсақ, пси­­хологиялық тұрғыдан диаг­нозды қабылдай алмай­тын­дар да кездеседі. Соңғы жыл­дары қатерлі ісік аурула­ры, туберку­лез, жүрек ауру­ла­ры көбейгені байқалады. Оның түрлі әлеу­мет­тік себебі көп. Азаматтарға жылына бір рет дәрігерге қаралуға кеңес береміз, – деді Гүлнәр Мадиева.   

Биыл медициналық пойыз Алматы қаласынан бастап, Қазақ­станның барлық облыс­тарын аралайды. Шалғайдағы тұрғындарға алдын ала пойыз­дың келер уақыты хабарлана­ды. Жоба аясында еліміздің меди­­циналық қызмет қолже­тім­сіз шалғай аудандардың тұрғындарына тегін медика­лық-санитарлық, консуль­та­тив­тік-диагностикалық көмек көрсетіледі. Медициналық бригадалардың құрамында терапевт, стоматолог, окулист, маммолог, невропатолог, кардиолог дәрігерлер бар.

Журналистер медицина­лық пойыздың жұмысын Ақ­мо­­­ла облысы Елтай станса­сына ба­рып көрді. Медици­на­лық бри­га­да жұмысымен та­ныс­ты. Жер­гілікті тұрғындар­дың ұсы­ныс-пікірін тыңдады. Тұр­ғын­дар медициналық по­йыз­дың дәрігерлеріне алғы­сын айтты.