Ержан ерледі
Ержан ерледі
166
оқылды
Алматыда ХҚО маманы екі адамды ажалдан ара­ша­лап қалды. Осынау ерлікті жасаған ердің есім-сойы – Ержан Әбдіразақов.     Ержан – Алматы қаласы Наурызбай ауданының ха­лық­қа қызмет көрсету орта­лығының қызметкері. 1 мау­с­ым күні жұмысына бара жат­­­қан ол жол бойындағы кә­різ құдығының маңында жи­налып қалған адамдарды бай­қайды. Арнайы бұрылып барып, болған жаймен таныса келе құдықтың түбінде ес-түс­сіз жатқан екі адамды бай­қайды. Олардың бірінің киі­мін­де «Алматы Су» деген жазу бола­д­ы. Ержан құтқарушылардың келуін күтіп тұрмай, ақ жей­де­сін шешіп, жиналып тұрған әйелдердің бірі берген дымқыл орамалмен аузы-мұрнын тұмшалап құдыққа түседі. Сол жерде оған тағы бір азамат көмектеседі. Осылайша, жедел жәрдем қызметі жеткенде екі адам да құдықтан шығарылған еді. «Олар есін жимағанымен, тыныс алып жатты», – дейді куәгерлер. Ержанның айтуынша, құ­дыққа түсу керек пе, жоқ па деген сауал ойына да келмеген, тез арада қос азаматтың өмі­ріне араша түсу керек еке­нін ұққан. Оның мұндай ба­тыл­­дығына әлеуметтік желі қол­­­данушылар қуанышын біл­­діріп, ХҚО маманының аты­­на жылы лебіздерін жолдап жатыр. «Рақмет саған, Ержан!», «Сен нағыз батырсың!» деген сы­ңай­дағы тілектер желіде жаң­бырдай жауды. Айта кетейік, Ержан Әбді­разақов мемлекеттік кор­по­ра­цияда 2007 жылдан бері қыз­мет етеді. Ол үш бала тәр­биелеп отырған үлгілі отба­сы­ның иесі.  

Б.БАЗАР