«Пайызы төмен кредит алып беремін» деп елді алдаған алаяқ ұсталды 
«Пайызы төмен кредит алып беремін» деп елді алдаған алаяқ ұсталды 
Фото: Интернеттен алынды
198
оқылды
Алматыда онлайн микронесие алып беремін деп қала тұрғындарының картасындағы ақшаны жымқырған адам ұсталды. Полицияның хабарлауынша, 24 жастағы жігіт жарнама сайтында жеңілдетілген шарттармен микронесие беру туралы хабарландыру жариялады. Көпшілікті төмен пайыз бен жеңіл шарттары қызықтырған. Алматы қалалық ПД криминалдық Полиция басқармасының басшысы Еркін Іңкәров: «Күдікті 2015 жылдан бері ол төрт рет алаяқтық әрекеті үшін және бір рет қарақшылық үшін жауапқа тартылды. Адамдар оның жарнамасына сеніп, онымен хабарласқаннан кейін ол келісімшарт жасағаны үшін төлем ретінде жалпы соманың 10 пайызын талап етті. Бұдан әрі микронесие бойынша ақша аудару үшін «клиент» жеке мәліметтерін: жеке куәлігін және банктік картаның фотосын екі жағынан ұсынуы керек болған. Банк карточкаларының нөмірін және картаның артқы жағында көрсетілген CVV кодын біле отырып, «қарыз алушы» букмекерлік кеңселердің интернет-терминалдары арқылы ақша аударады. Ол ешкімге қаржылық қызмет көрсетпейтіні анық. Қазір оған қатысты алаяқтыққа қатысты сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Қаншалықты ашық болса да, адамдар киберқылмыскерлердің құрбаны болмас үшін жеке деректерді, сондай-ақ банктік карта деректерін үшінші адамға бермеу керектігін ұмытпауы керек», – деді.