Тараздағы түрмеде «түлектер» түледі
Тараздағы түрмеде «түлектер» түледі
261
оқылды
Бүгінде абақтыға тоғытылған тұлғалардың да конституциялық құқығы қатаң қорғалуда. Сотталғандарға қатысты зорлық-зомбылық және басқа да адамның ар-намысына нұқсан келтіретін әрекеттерді болдырмауға бағытталған кешенді жұмыстар жүйелі атқарылып жатыр. Бұл ретте Таразда түрмеде жатқан азаматтарды  жұмыспен қамту, кәсіптік білім беру, тіпті арнаулы орта  оқу орнына түсуге де мүмкіндік жасалуда. Түрмедегі түлектер Таразда Жасыратыны жоқ, жазасын өтеушілердің  барлығы бірдей жалпыға міндетті білім алмаған. Яғни, 11 жылдық сауаты жоқтары аз емес. Осыған орай, Тараз қаласындағы  ЖД-158/7 мекемесі олқылықтың орнын толтыруға көшіп, міндетті білімді куәландыратын құжаты жоқтарды кешкі мектепте оқытуды бастаған. Сондай-ақ талапкерлер  талапқа сай  барлық пәннен емтихан тапсырған. Білім беру үрдісі карантин кезінде онлайн  форматта жалғасын тапса,  бүгін сынақтан сүрінбей өткендерге жалпы орта  білімі туралы аттестаттар  табысталды.  Абақтыда жатып мұндай қуанышқа кенелгендердің қатарында  Х.Байымбетов, Д.Каширин, А.Будяк, Ж.Досанов, Ғ.Мешітбаев сынды алты азамат бар. Түрме басшылығы мектеп бітірушілердің   иығына  «түлек» лентасын да  тақты. Мұндай игі шаралар бұнымен тоқтап қалмайды. Бұйыртса, қолына аттестаты тиген азаматтарды  биылғы  жаңа оқу жылында кәсіптік колледжге түсіріп, оқыту да жоспарлануда.

Саятхан Сатылғанов, Жамбыл облысы