Алматыда жарылыс болды
Алматыда жарылыс болды
5,261
оқылды
Алматыда құрылыс алаңында жарылыс болды. Куәгерлер сол тараптан естілген жарылыстың дауысы туралы айтып жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz. Алматылықтар оқиғаның фотосы мен видеосын таратып жатыр. Өрттің түтіні қаланың әр бұрышынан көрінеді. Кей видеода жарылыс естіледі. Қатты жанып жатыр", - дейді Горький паркінде жүрген куәгерлер. Апат орнына өрт сөндірушілер кеткен. Құрылыс ғимараты жарылып жатыр деп хабарланды. "Сағат 13.55-те ТЖД күші мен техникасы Медеу ауданы Сағадат Нұрмағамбетов көшесі, 150 мекенжайында өрт болып жатыр деген куәгердің хабарламасынан кейін шықты. Құрылыс жүріп жатқан ғимарат өртенген", - деп хабарлады Алматы ТЖД. https://www.instagram.com/p/CA9yUg_gLzl/