Қазақстанда белсенді жастарды қолдау мақсатында «Елбасы медалі» бекітілді
Қазақстанда белсенді жастарды қолдау мақсатында  «Елбасы медалі» бекітілді
5,279
оқылды
Елімізде талантты жастарды қолдау мақсатында жаңа бағдарлама ұсынылды. ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қоры басшысының орынбасары Әнуар Қанатұлы жаңа бағдарламаның мақсаты мен шарттары туралы айтты, деп хабарлайды Azattyq Rýhy.
«Бүгін ел үміті бастамасы аясында «Елбасы медалі» жобасын бастағалы отырмыз. Бағдарламаның басты символы табыстың 7 символын білдіреді. Бағыттарды атап өтсек:  спорт және дене шынықтыру, кітап оқу, дарын мен дағды, ұлттық мұра, еріктілік, саяхаттар және еңбек тәжірбиесі. Бұл жобаға 14-29 жас арасындағы қазақстандықтар қатыса алады. Челлендж форматындағы бағдарламаны жүзеге асыру үшін еліміздің әрбір облысы мен қалаларында өңірлік ресурс құрылған. Сондай-ақ тәлімгерлер желісі құрылды»,-деді Әнуар Қанатұлы.
Бағдарламаға қатысу тегін. Жоба үміткерлері өзін тұлғалық жағынан ғана емес, физикалық жағынан да дамыта алады.
«Елбасы медалі» жобасына жас ерекшелігі бойынша кез келген адам, тұрғылықты жеріне және әлеуметтік мәртебесіне қарамастан кез келген жағдайда қатыса алады. Сонымен бірге, қатысушы күн сайын өзінің физикалық жағдайын жақсартып, дағдысын дамыта отырып, айналасындағыларға көмегін тигізе алады. Челленджге қатысқан жастар виртуалды әлемнен, табысқа жетелейтін ортаға көшеді. Карантиннен шаршап жүрген жастар үшін жақсы мотивация болады деп сенеміз», - деді «Елбасы Академиясы» Корпоративтік қоры басшысының орынбасары Әнуар Жанғозин.
Жеңімпаздар «Елбасы медалі»  ерекшелік белгілерінің үш түрімен наградталады: қола, күміс және алтын. Алтын алу үшін – 18 ай, күміс  – 12 ай , қолаға қол жеткізу үшін  – 6 ай керек. Күні бүгінге дейін аталған конкурсқа қатысуға 6 мыңнан аса үміткер алдын ала ниет білдірген. Бағдарламаға қатысу үшін алдағы екі апта ішінде www.fpp.kz. сайтында тіркеуден өту қажет.