Коронавирус қайтыс болған адамның ағзасында 10 күн сақталады
Коронавирус қайтыс болған адамның ағзасында 10 күн сақталады
197
оқылды
Коронавирус қайтыс болған адамның ағзасында 10 күн сақталады. Бұл туралы Нұр-Сұлтан қаласы әкімдігі көпсалалы медицина орталығының директоры Мұхтар Төлеутаев айтты. "Коронавирус марқұмның ағзасында 10 күн сақталады. Сондықтан Қазақстанда коро­навирус инфекциясынан қайтыс болған адамды жерлеу алгоритмі жасалды. Соған сәйкес, марқұммен қоштасуға жақын туыстарына ғана рұқсат етіледі. Оның өзінде марқұм мен туыстарының арасы 3 метрден жақын болмауы керек. Қоштасуға 1 сағат уақыт беріледі. Қаулыға сәйкес, жерлеу рәсімі санитарлық-эпидемиялық қызмет мамандарының бақылауымен және жергілікті атқарушы орган­ның қатысуымен өтеді. Жерлеу кезінде эпидемияға қарсы барлық шара қатаң сақталады",- деді ол. Еске сала кетейік. қазір Қазақстанда коронавирусты 11796 адам жұқтырса, 6156 адам сауықты, 44 адам қайтыс болды.