Президент коронавирус екінші рет қайталанбас үшін талапты сақтауға шақырды  
Президент коронавирус екінші рет қайталанбас үшін талапты сақтауға шақырды  
Фото: Интернеттен алынды
5,158
оқылды
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметтік комиссия қабылдаған барлық іс-әрекеттерге қарамастан, қазақстандықтар арасында індетке шалдығу оқиғалары азаймай отырғанын айтты. Президент Twitter-дегі парақшасында: «Үкіметтік комиссияның барлық іс-әрекетіне қарамастан, індетке шалдыққан азаматтарымыз азаймай отыр. Коронавирустың екінші толқынының қаупі сейілмегенін ДДСҰ да растады. Отандастарымызды жаппай ауруға шалдығудан қашып, індеттен қорғанудың жолдарын (арақашықтықты сақтау, дезинфекция, жеке тазалық, бетперде кию) ұстануға тағы да шақырамын», – деді Президент.