Ерлан Байтұқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Ерлан Байтұқбаев жаңа қызметке тағайындалды
Фото: Интернеттен алынды
284
оқылды
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Төрағасы Нұрсұлтан Назарбаев ауыс-түйіс жасады, – деп жазады elbasy.kz. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімімен Ерлан Ысқақұлы Байтұқбаев Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі болып тағайындалды. Ол Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесінің Құқық қорғау жүйесі бөлімі меңгерушісінің орынбасары қызметінен босатылды. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті – Елбасы, Қазақстан Республикасы Қауіпсіздік Кеңесі Төрағасының шешімімен басқа жұмысқа ауысуына байланысты Шоқан Жанатұлы Елшібеков Қазақстан Республикасының Қауіпсіздік Кеңесі хатшылығының меңгерушісі қызметінен босатылды.