«Ғылым ордасының» директоры ұсталды
«Ғылым ордасының» директоры ұсталды
262
оқылды
Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет өкілдері жемқорлық қылмысын жасау кү­дігі бойынша «Ғылым ордасы» мекемесінің бас ди­рек­­торы мен сол мекеменің бас экономисін тұтқындады. – Олар тиісті шарт жасамас­­тан мемлекеттік үй-жайларды жал­ға беріп, азаматтардан ақ­ша­лай сыйақылар алу бойынша күдікке ілінді. Күдікті директор ұс­­талып, Алматы қаласы По­лиция де­пар­таментінің уа­қытша ұстау изо­­ляторына қа­малды, – де­ді Сы­бай­лас жем­қорлыққа қарсы іс-қи­мыл агент­тігі бірінші де­пар­та­мен­тінің аса маңызды істер жө­нін­дегі тер­геу­шісі Данияр Биғайдаров. Құқық қорғау органдарының мәліметі бойынша, күдіктілер кінәсін мойындаған. Тергеу әлі жалғасып жатыр. Соңғы шешімді сот қабылдайды. Білім және ғылым министр­лі­гіне қарасты Ғылым комите­ті­нің «Ғылым ордасы» респуб­ли­калық мемлекеттік кәсіпорны 2010 жыл­ғы 11 ақпанда Үкімет қау­лысымен құрылған. Бұл ғы­лым мен білім са­ласындағы өн­дірістік-шаруа­шылық қызметті жүзеге асыратын көпфунк­цио­налды орталық.  

М.ХАҚНАЗАР