Мәскеуге барып қайтты
Мәскеуге барып қайтты
301
оқылды

Қазақстандық қалаулылар атынан Сенат депутаты О.Перепечина 1-3 шілде аралығында Мәскеуде өтіп жатқан «Парламентаризмді дамыту» атты ІІ халықара­лық форумының жұмысына қатысты.

Шараны өткізу бойынша Ресей МемДумасы бастама кө­терген болатын. Қатысушылар халықаралық қауіпсіздік пен тұрақтылықтың, цифрлы эконо­миканы дамытудың, жастар мен экологиялық саясаттың өзекті мәселелерін талқылады.

Форум аясында «Ресей-Аф­рика» парламенттік конферен­циясының шаралары өтті.

Шараға 132 мемлекеттен 800-ге жуық парламентші мен са­рапшы келген. Олардың ішінде ұлт­тық парламенттердің 41 төра­ғасы бар. Бұдан бөлек, форумға 14 парламентаралық ұйымның делегациясы атсалысты.