Алтай қаласында үшінші қабаттан құлап кеткен сәби аман қалды
Алтай қаласында үшінші қабаттан құлап кеткен сәби аман қалды
254
оқылды
Шығыс Қазақстанның Алтай қаласында кішкентай сәби үшінші қабаттағы терезеден құлап, аман қалды. Бұл туралы ШҚО Төтенше жағдайлар жөніндегі департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

30 мамыр күні Алтай қаласында бір жарым жасар сәби үшінші қабаттан дүкеннің маңдайшасына құлап кеткен.

– Пәтерде терезенің жанында диван тұрған. Сол арқылы бала терезеге оңай көтерілген. Москит торы бала салмағын көтере алмаған, осылайша төменге құлап кеткен. Абырой болғанда астынғы қабаттағы дүкеннің күнқағарына құлап түскен бала аман, қазір ауруханада жатыр, – деді баспасөз қызметіндегілер. Бұл – облыстағы биылғы жылғы алғашқы оқыс жағдай. Ал еліміз бойынша жыл басынан бері 21 бала терезеден құлап кеткен. Сондықтан құтқарушылар кішкентай балалары бар пәтерлер тұрғындарына арнайы терезе құлыптары мен темір тор орнатуға, жиһаздарды терезе маңынан алысырақ қоюға шақыруда.

Дәурен Аллабергенұлы, Шығыс Қазақстан облысы