Алматыда 7 мың адамдық мешіт салынуда
Алматыда 7 мың адамдық мешіт салынуда
Фото: Интернеттен алынды
280
оқылды
«Алматының Алатау ауданында жеке инвесторлардың қаражатына жаңа мешіт бой көтереді. Мешіт бір мезгілде 7 мың мұсылманды қабылдай алады. Қаладағы ең үлкен діни ғимарат ағарту һәм рухани жер ғана емес, мегаполистің архитектуралық маржандары арасында да лайықты орынға ие болады» деп жазды Алматы әкімі Бақытжан Сағынтаев өз Іnstagram парақшасында.   Фото: Интернеттен алынды Қазіргі таңда құрылыс жұмыстары жоспарға сай жүргізілуде. Жалпы аумағы 6,3 гектар жерді алып жатқан жаңа мешіттің көлемі 16 мың шаршы метрді құрайды. Ғимарат ішінде әкімшілік және техникалық блоктан бөлек ғибадат ету залы, ислам кітапханасы бар. Мешіт айналасында дәстүрге сай абаттандыру жұмыстары жүргізіледі. Жоба бойынша мешітте биіктігі 49 метрге жететін бірнеше мұнара болады. Кешеннің орта тұсында бес күмбезді негізгі ғимарат орналасады. Мешіт құрылысы келер жылы аяқталып, көпшіліктің игілігіне берілуге тиіс.