Діни радикалдар ақша бопсалаған
Діни радикалдар ақша бопсалаған
193
оқылды
Ұлттық қауіпсіздік комитеті Атырауда арнайы опе­рация жүргізіп, қылмыстық топты ұстады. Тұрғылықты жерлерін тінту барысында үш қару түрі мен оларға оқ-дәрілер табылды. «2020 жылғы 3 маусымда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Атырау облысы бойынша депар­таменті жүргізген арнайы опе­ра­ция нәтижесінде спорт­тық орта мен ықтимал деструк­тивті діни ағымдардың өкілде­рінен тұратын топтың құқыққа қайшы әрекетінің жолын кесті. Қыл­мыстық топқа қаты­су­шылардың өңір кәсіпкерлері­нен ақшалай қаражатты қор­қытып алуға, қарыздарды өн­діруге және дене жарақат­та­рын келтіруге қатысы бар», – делінген ҰҚК хабарла­масында. Мәліметке қарасақ, топтың 5 белсенді мүшесі ұсталған, олардың кейбіреуі ұрылармен, трансұлттық қоғамдас­тықтар­дың көмекшілерімен байланыс­та болған. «Ұсталған үш адам уақытша ұстау изоляторына қамалып, бұлтартпау шарасын таңдау жө­нінде мәселе шешілуде. Екеуі­нен қорғауға құқығы бар куәгер ретінде жауап алынды. Жедел-тергеу іс-шаралары жалғасып жатыр», – дейді ҰҚК өкілдері.